Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәлеметсіздер ме әпке-сіңлілер! Мен 3 жыл бұрын күйеуіммен дәм-тұз жараспай ажырасып кеттім. Екі балам бар. Жұмыста жүріп бір жігітпен таныстым, өзімнен жасы кіші. Ол адамды әрине қабылдамадым басында... Бірақ соңымнан қалмады.
Өзі намаз оқиды, иманды жігіт. Мені дінге шақырды. Мен ажырасқан кезімде қайда караоке, қайда ресторан бар сондай жерлерден шықпай жүрдім құрбыларыммен. Ол соның бәрін тоқтатты. Қысқа көйлектер киетін едім ұзын киюімді өтінді. Себебі бұлай жүру тозақтың оты деді.
Ұзын сөздің қысқасы бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтындай болдық. Мешітке барып неке қидырдық. Мен өзім екі баламмен мамамның бос тұрған үйінде тұрып жаттық. Неке қидырған күйеуіммен сол үйде бірге тұрдық.
Әрине ол тұрғысы келмеді менің үйіме. Өзімен бірге өзінің үйіне алып кеткісі келді. Мен келіспедім, себебі балаларымның мектебі үйдің қасында.
Сонымен бәріміз бірге тұрып жаттық, балаларымды өзінің балаларындай жақсы көреді. Балаларым да оны әкесіндей жақсы көреді. Мамам ауылдық жерде інім келініммен тұрады. Бір күні жамбасымен кұлап жамбасын сындырып алды. Қалаға поликлиникаға он күндей жатты, содан үйге әкеліп жатқыздық. Үй екі бөлмелі. Үйге тұрмыс құрмаған сіңлім келді Алматыдан. Ол да жатты біраз күн маманы қарауға мен жұмыста болғанда.
Басында мамам күйеуімді күйеу баласындай қабылдаған болатын. Бір күні өзінен-өзі күйеуіме сөйлеп қуып жібергендей болды. Тар үйге сыймаймыз бәріміз өз үйіне барсын деп. Ол кетті түсініп. Міне бөлек тұрып жатқанымызға екі айдан кетті. Ол болса қатты қайғырып жүр, үйге соғып кетеді, мен барып тұрам. Балдарым да сағынады. “Бөлек шығайық алып кетем“ деп те келді. Мамама айтып көріп едім, ауырып жатқан шешеңді сол үшін тастап кетесің бе деп ренжіді. Сіңілім болса, Алматыға жұмысына кетті. Күйеуім маған ренжиді, шешем де ренжиді. Басым қатты не істеуге болады? Қатты қиналып кеттім. Кейде өмір сүргім келмей кетеді. Алланың сынағы шығар деп кейде мән бермеймін. Бірақ жүрегім мазасыз. Мені өмірге әкелген анамды да ренжіткім келмейді.
Бақытгүл