Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің есімім Əнел, жасым 25-те. Қазір бір ұлдың анасымын. Менің күйеуі өте жақсы адам. Оны өлердей сүйем. Жасы 34-те. Менің күйеуім маған дейін бір əйелге үйленіп, одан балалы бола алмады. Ол əйел бедеу. Өзі сүйіп қосылған, өзінен 3 жас үлкен əйел. Ата-анасы ол әйелге үйленуіне қарсы болған екен, бірақ екеуім қосылыпты..
Күйеуімнің анасы менің анамның руласы. Анам екеуі пойызда танысып, бір-бірімен достасып, міндетті түрде кездесіп тұруға уəделескен. Анам екеуі 2-3 жылдай араласып жүрді. Əр жексенбіде бір-біріне қонаққа барып тұрды. Ол бізге бір ұлының бар екенін айтқан.
Бірде мен кешке дүкенге нан алуға барғам. Мені белгісіз біреулер көтерді де көлікке отырғызып, алып қашып кетті. Менің айқайлағаныма, жұлқынғаныма ешкім назар да аудармады. Сөйтіп бір зәулім үйдің алдына алып келіп, кіргізіп жіберді. Ол үйге кірсем, əдемі, өте бай екен. Алдымнан анамның рулас құрбысы шыға келді. Мен жылап, сонша шошытқандарыңыз не деп оған ұрсып жатырмын.
Ол ақырын асықпай маған былай деді: бұл ұлымның үйі еді, сен оған екінші əйел болшы, деді де қолыма алтын, əдемі білезік салды. Ұлым бай тұрады, жалақысы да жаман емес, ақшадан, ештеңеден тарықпайсың деді. Мен сол сәтте не дерімді де білмей, үндемей қалдым.
Ұлы үйде ашуланып жүр екен, жанында бір сүйкімді əйел жүр. Сөйтсем ол жігіт екінші әйел алуға аса көңілі болмаған. Бірақ анасына қарсы келе де алмаған секілді. Енем ( аты Үрзия ) егер ұлыма бала туып, қуанышқа бөлесең болды, шалқып өмір сүресің деді. *Ұзын сөздің қысқасы, ата-анам келісіп, той болды.
Маған жігітті қарату қиын болған жоқ. Өзі бойы ұзын, денелі, ірі, сымбатты. Бұндай еркекпен болуды қандай әйел қаламасын. Алғашқы кезде маған қарамай, өзінше болып жүрген, Түнде ас үйде су ішіп жатқанда, əйелдігімді пайдаланып, шешініп, күйеуіме назды қылық көрсетіп едім, еркек қой, еріп кетті. Осы бірінші түннен кейін-ақ ол менің жанымнан ешқайда кетпейтін болды. Көп ұзамай жүкті екенімді білдім. Дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелдім.
Ендігі мәселе, бір үйде күйеуімнің бірінші әйелі үшеуіміз тұрамыз. Күйеуім əр түні менің жанымда. Ол мені анау əйелінің көзінше де сүйіп, тиісетін болды. бірақ ол әйел ешқашан ештеңе айтпайды. Соған қарағанда күйеуімді қатты жақсы көре ме? Қашанғы шыдамақ ойы бар екенін білмеймін. Ал еркектерге бәрібір секілді ғой, маған бірінші әйелі туралы тіпті жақ ашпайды. Ол əйелге де обал екенін түсіндім. Бедеулігі үшін осылай азаптануы керек пе? Жаным ашып жүр. Ажырасайын десем, балама обал. Қайтем енді? Не істейтін? Кеңес беріңіздер!