Инсульт алған ақсақал айтқан ақиқат елді жылатты

Oinet.kz 05-01-2023 2981

Инсульттен кейін ребилитациядан өтіп жатқан сексеннен асқан ақсақалмен бір палатада жаттым. Ақсақал қою сүтті шай ішкенді  жақсы көреді екен. Дәрігер қою шай ішпеңіз десе де, маған термостан шай құйғызып алады. 

Screenshot_1.jpg

Қазақтың бір шәугім шайы бөлінбеген еншісі дегендей, маған күнделікті шай келген сайын, ақсақалға шай құйып апарып беремін, риза боп қалатын,алғысын айтып...

Бірде көңіл күйі түсіп: 

— Бұл не деген ұзаққа созылған өмір, қатарластарымның бәрі бұл өмірден озды, кемпірім қайтыс болғаны он жылдай болды. Ал, мен болсам, құр денемді сүйретіп қана  жүрген адаммын, өмірдің қызығы да қалған жоқ.

Ұл-келіндерім сырттай сыйлап тұрғанымен, іштей онша-мұнша жақтырмай тұрғанын іштей сеземін.

Үш інімнің бірі дінге кіріп ап, бір жол менің қал жағдайымды біліп телефон шалмақ түгілі, маған бір жол келген жоқ, сол інім құдамды да дінге кіргізіп ап, қазір құда-жекжаттық араласымызға да сызат түсіп шытынап тұр...

Күніне бес уақыт айдалада жатқан біреулердің ұрпағына дұға жасап, солардың үмбетіміз деп дегенді білгенде, туған ағасы маған:

— Ата-бабалардың аруағы қолдап, тез жазылып кетіңіз, — десе, несі кетеді. Онымен қоймай,  адамдар жиылған кезде:

— Егер, туысқаныңмен үш күн артық хабарласпай кетсең, ол деген,  сол өлген туысыңнын етін жегенмен бірдей, — деп, жұртқа ақыл айтатынын қайтерсің, — деп, күрсініп терең ойға батып қалды...

P. S.Бәлкім, өмірде болған осындай оқиға Сіздің немесе туған —туыс, достарыңыздың басынан өтіп жатуы мүмкін ғой?!!!

Мәлік Орақовтың парақшасынан

Ақшаның бәрін ұстайтын қайын атам ашуыма тиіп жүр
Келінім баласына қарамай тастап кетіп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу