Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
5 жылдай жүрген жігітім менен бөлек тағы бір қызбен ұзак уақыт жүріп жүр екен. Бұл турпалы маған оның досы айтты. Өзім де күдіктенетінмін. Осы шындықты білгеннен кейін жігітіме айырылысайық дедім. Ол болса, үнсіз.
Мен оны жақсы көремін, мені қалайша алдады екен, ол мені сатып кетті. Сол үшін мен ешқандай жігітке қарамай, соны ғана таңдап, сонымен ғана жүргенмін. Жасым жиырма жетіде, тұрмыс құрмағанмын. Ол маған үйленеміз деген соң оның ұсынысын күтіп жүрдім. Жасым да келіп қалды. Менімен күнде уақытының көбірн өткізеді, сонда қашан басқаға барады деп өзімді жұбататынмын. Сөйтсем, түнде сол кызға барып қонады екен. Есіме түскен сайын жылай беремін. Өйткені оны жақсы көремін, бірақ енді ол маған қайта келсе де, қайта кабылдамаймын. Қалай жақсы көрген адамды ұмытамын, онымен 5 жыл уақытымды бірге өткіздім.