Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Өзбек қызы Нигора – 38 жаста. Айтуынша, өзбек халқында қыздық пердеге қатал қарайды екен. Сол себептен де әлі күнге дейін Нигора бірде-бір еркекпен жақын қарым-қатынаста болып көрмеген деп жазады Comode.kz.
Әйтпесе Нигораға небір жігіттер құда түсіпті. Тіптен кейбір отбасы бар ер азаматтар «тоқалым бол» деп ұсыныс та жасаған. Бірақ өзбек қызы өзінің арманындағы жігітке ғана пәктігін сыйлағысы келетін көрінеді.
Нигора Қазақстанның кішігірім қаласының бірінде анасы, інісі және оның әйелімен бірге тұрады. Отбасының барлық жұмысы мен шығыны соның мойнында екен.
«Шынымды айтсам, осы жасқа дейін қалайша жалғыз қалып қойғанымды білмеймін. 17 жасымда анам мені сыныптастарыммен түнгі клубқа жібермей қойды. Онысына ренжіген жоқпын, өйткені болашақта күйеуіммен әлі қыдырып үлгеремін деп ойладым. Бірақ жасым 38-ге келді. Ештеңе өзгерген жоқ. Анам мен інімді мен асырап отырмын. Карьера да қалыптастыра алмадым. Өйткені осы уақытқа дейін «күйеуге шықсам, декретке шығамын» деген ой болды менде. Қатал анамның арқасында күйеусіз қалдым. Мені ешуақытта түнгі клубтарға жібермейтін. Қазір пәктігімді сыйлайтын жігіт те таба алмай отырмын. Әйтпесе маған парикмахер, такси жүргізушісіне дейін құда түскен. Тіпті отбасылы ер азаматтарға дейін аяғыма жығылып «тоқалым бол» деп ұсыныс айтқан еді. Ал маған өзім секілді таза жігіт керек. Сол үшін де анау-мынау жігіттерді қабылдай алмаймын. Осылайша еркек жылулығын сезбестен өмірден өтіп кетпесем болды», – дейді Нигора.
Оң жақта отырып қалған Нигора енді қалған өмірін жалғыздықта өткізгісі келмейді екен. Алайда, жеке өмірін қалыптастыра да алмаймын дейді. Өйткені отбасын асырау өзінің мойнында, ешқайда қашып кете алмайды. Ал өзіне ұсыныс білдіріп жүрген 40 жастағы еркекпен көңіл қосайын десе, Нигора үшін олар кәрі көрінеді екен.