Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сабақтан келген қызым: "Мама, орамал тартқан деген рахат екен ғой, ешкім тиіспейді", —дейді.
Өзі сұп-сұлу, өрімдей болса кез-келген ер затының көзін сүзіп, бірдеңе деп қалуы заңдылық қой. Тіпті қазір ата сақалы аузына түскен шалдар да немересіндей қызға тиісіп тұратынына куә болып жүрміз. Қызым әлі тұрмысқа шықпаған, менен көргені ғой әдемі орамалын мойнын орай тағып алған. Қыз шешеден не көрсе соны қайталайды. Бірақ үнемі олай жүрмейді.
Енді қараңыз, сол орамалды таққаннан қызым надан болып қалған жоқ. Шүкір сабағын беске оқиды. Уахаб, салаф та болып кеткен жоқ. Өйткені, ненің не екенін айтып отырмын. Бір жапырақ орамал өмірде жетістікке жетуге, білім алуға еш кедергісін жасамайды.
Бұрын қазақ қыздары орамал тақпаған дейтініміз бар ғой біздің. Ол заман мен бұл заман тең бе? Қазір қаралықтың, жын-жыбырдың өршіп тұрған заманы. Бөксесін бұлтитқан шалбар, омырауын тырсылдатып киген кофта, жалаңаш балтыр, аққудай мойын "мені көр, мені тамашала, мені қызықта" деп өзі ақ жарнама жасамай ма? Суық көз, сұқ көз, жылан көз —неше түрлі көз бар. Сол көздердің соққысына ұшыраған жас тәннен не қалады? Осыдан кейін ғой ауру көп. Жатыр, омырау аурулары балапан қыздардың арасында да өршіп тұр. Бала көтере алмау, аяқтан қалу, небір сұмдық аурудың түрі сол сұқ көз, жағымсыз энергиядан болады.
Қыз бала діл қуатын сақтаушы. Ұлттық код қыз баланың қанында болады. Ал, жалаңаш жүріп тұзы ашып, қаны бұзылып, сасып кеткен қызда қайдағы код. Қанында ұлттық код сақталмаған қыз еріксіз қара нәсілге тартылады. Сөйтіп негрге, кәріске, неміске, басқаға тиіп жатыр. Сөйте тұра "неге бұлай" деп бас қатырамыз. Бар бәле жартылай жалаңаштықта.
Бойыңда ұлттық намыс бар ма, қазақ ұлты көбейсін десеңіз, қызымыз қазақтың анасы болсын, өніп-өссін десеңіз ұзын етекті, орамалды етуге тиіспіз. Орамалдан шошысаң тақия кигіз, кепка ма, шляпа ма кигіз, әйтеуір жалаңбас жүргізбе.
Жабық киім қыз атаулының қорғаны. Сенбесеңіз киініп көріңіз. Сізге тиіспек түгілі еркек атаулының бәрі сізді қорғағысы, қамқор болғысы келіп тұратынын көресіз.
Айгүл Тәуіпбаева