Әлемде кеңінен таралған мифологиялық кейіпкерлер

Oinet.kz 18-06-2019 3402

Әлемде бар деуге келмейтін, бірақ мифтік жаратылыс ретінде айтылатын кейіпкерлер көп. Мистикалық әңгімелердің басым бөлігі мифтік кейіпкердің өмірде бар екендігін айқындауға құрылады. Қазақ халқында Таусоғар, Желаяқ, Жезтырнақ, Мыстан секілді ертегілерде көп кездесетін кейіпкерлер көп. Дүниежүзілік мистикада көп кездесетін, қорқынышты фильм арқауына айналған кейіпкерлер жайлы әңгіме өрбітсек.

бабай.jpeg

Бабайдың мистикалық бейнесі суреттелген.

Бабай-  слвян фальклорында түнгі рух деп түсіндіріледі. Ата-аналар балаларына бұзақы әрекет жасағанда «бабай алып кетеді» деп тиып салады. Бабайдың түр-келбеті жайлы нақты анықтама жоқ. Десек те, славян фальклорындағы қарт, дорбасы бар шал кейпіде бейнелейді.Себебі тілазар баланы бабай дорбасына салып кетеді деген ата-аналардың қаруына айналған тұжырым. В.И.Дальдың сөздігінде татар  ұлтында бабай «әже, қарт әйел» деп түсіндіріледі. Ал, Новороссийск, Оренбург аймағындағы диалектіде  «ата, қарт шал» мағынасында қолданылады.  В.И.Даль қорыта келе бабай кейіпін «қарт» ретінде түсіндірген. Ала дорбасын асынып үй-үйді аралйтын кезбе, дуаналардың образы «бабай» кепіне келеді. Қазақ ұлты құдайы қонақты құдасындай сыйлайтынын ескерсек, «бабай» тек мифтік кейіпкер титулында қалады.

Домовой1.jpg

Суретте үй иесі бейнеленген.

Үй иесі- рух, жын ретінде емес, үйде байқалмай тіршілік ететін жаратылыс иесі. Олар да өзіндік мінезге ие. Әр үйде адамдардан тыс байқалмай тіршілік ететін үй иесі (домовой) жайлы мистикалық шығармалар жиі жазылады. Орыс аңыздарында  XV ғасырдан бастап домовоймен байланыс орнатқан кейіпкерлер әңгімеленеді. Содан бері әр үйдің  жасырын тұрғынына құрметпен көрші ретінде  қарау қалыптасқан. Қызықты деректерде домовойдың харктері үйдің нағыз иесінің мінезімен типтес деп көрсетіпті. Яғни, үй иесі жинақы болса, домовой да ұқыпты тіршілік етеді екен.

эльф.jpg

Суретте эльфтің анимациялық бенесі көрсетілген.

 Эльфтер - орманның мейірімді рухы ретінде еуропа халықтарынаң ертегісінде жиі көрініс береді. Қазірде мультфильмдерде  жиі эльф кейіпкерлер бас көрсетеді. Бірнеше ғасыр бұрын Шотландиялық монастырдан бойы кіші, тілі түсініксіз адамға қатты ұқсас жаратылыс иесі табылады. Оны көрген адамдар құлақ пішінінің көтеріңкі екендігі адамдардан ерекшеленетінін жеткізген. Кейінен беймәлім жаратылыс «эльф» деп аталып адамдар арасына сіңісіп кеткен екен. 

Медицинада «Уильям синдромына» шалдыққандарды эльф деп атау үрдіс алған. Себебебі, олардың бойы кіші, терісі нәзік келетіні ортақ сипат.

Супер Ай. Бұл құбылыс жерге қалай әсер етеді?
Төбе шашыңды тік тұрғызатын тылсым шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу