Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Патриоттық тәрбие – тәрбие негізі
Ұрпағымызды кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік білім құжаттарында маңызды орынды патриотизм, патриоттық тәрбиеге береді. Әсіресе, оқушылар өзінің «қазақстандық» екенін мақтанатындай етіп тәрбиелеу үшін педагогика, халық педагогикасына сүйену қажет екеніне тоқталып, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі ретінде төмендегі мәселелерге назар аударды: «Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы.
Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.
Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс.
Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.
Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек.
Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз.
Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады».
Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиетті қалыптастыруды көздейді: Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт – дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру.
Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір – бірімен тату – тәтті, сыйластық, ынтымақта қатынас жасауы тиіс. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген жұмыстарымызда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек.
Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы еліміздің басынан өткен оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет. Оқушыларды тәрбие сағаттарында, орыс тілі және әдебиеті сабақтарында тарихи материалдарды оқыта отырып, ерлікке, жауынгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу де отаншылдыққа тәрбиелеумен тікелей байланысты. Еліміздің кейінгі тарихи оқиғаларда өзгерісті кезеңдер де, әсіресе Ұлы Отан Соғысында, өзін патриотизм мен халықтар достығының жолын ұстаушы ретінде көрсетті. «Жеңіс Күні», Кенес Әскерлерінің Ауғанистаннан шығарылған күніне байланысты іс-шаралар кезінде патриоттық тәрбие беру мақсатында ауықымды жұмыстар атқарамын. Атап айтқанда Ұлы Отан Соғысы және Ауған Соғысы әрдагерлерңмен кездесулер откызу, Тұрбат ауылы орталығында орналасқан Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған ауылдастарымыздың Аллеясына гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.
2010 жыл «Қазанның 30 жылдығы» жалпы орта мектебінде Ұлы Отан Соғысыдағы Жеңістің 65 жылдығына арнап орыс тілі пән мұғалімдерінің «Мы тоже помним ту войну» атты аудандық семинарда «Отчизна в сердце моем» тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар бойынша сабақты жоғары деңгейде өттім.
Тәрбие сағатының тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін сынып жетекшісіне қосымша материалдар пайдалануға тура келеді. Сабақтың тәрбиелік міндетін анықтау өтілетін тақырыптың мазмұнына байланысты негізінен, бұрыннан белгілі оқу – тәсілдерінен бөлек, өлке материалдарын пайдалану да оқушыларға Отан тарихын, өлке тарихын сүюге, құрметтеуге шақырады. Өз жерінің қадір – қасиетін біліп, танып өскен ұрпақ сол елдің азаматы болмақ. Осы мақсатта ауылымыздың қәсиетті жерлеріне, архитектуралық ескеркіштері «Ысмайыл Ата», «Ысқақ Ата», Түркістан қаласынадағы «Арыстанбаб», «Қожа Ахмет Яссауи» Кесенелеріне топсеруендер ұйымдастырғанмын.
Бір жылға жоспар құрсаң егін ек,
Жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек,
Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле, деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелесек егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек.