Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сын есімнің түрленуі

Oinet.kz 06-10-2019 1001

Сын есімнің түрленуі. Салыстырмалы шырай

  oquzaman  0 Comments

Байтурина Гульнар Турсыновна

Қостанай облысы, Арқалық қаласы Фурманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Сын есімнің түрлену ерекшелігін, сөйлемдегі орнын түсіндіру арқылы сын есім туралы білімдерін кеңейту.

2. Дамытушылық: Алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар, флипчарттар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ:Заттың сапалық сыны ір кез бір дәрежеде бола бермейді. Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі. Яғни сапалық сын есімдерден белгілі қосымшалар арқылы шырай түрі жасалады. Мысалы:Сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар.

Үлкен- үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, тым үлкен.

Сын есім

Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай

Шырайдың жасалуы:

1.     Сапалық сын есімнен жасалады.

2.     Сапалық сын есімдерге белігі бір қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі н/е күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады.

Салыстырмалы шырай:Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.

Сапалық сын есімге жалғанып,салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:

1.     –рақ,-рек,- ырақ,- ірек;

2.     –лау,-леу,- дау,-деу,- тау,-теу;

Жекелеген сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:

1.     –ғыл,-қыл,- ғылт,-қылт,-ғылтым,-қылтым.Мысалы: сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т.б.

2.     – шыл,-шіл,-шылтым,- шілтім.Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім т.б.

3.     –ғыш,- ілдір. Мысалы: сарғыш, көгілдір т.б.

4.     –аң,-қай,- ша,-ше. Мысалы: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкшк, сұрша т.б.

64-жаттығу (шығармашылық тапсырма) Тапсырма: мәтінді өзіндік диктант етіп жазып, құрамынан сапалық сын есімдерді тауып, ерекшелігін анықтау.

65-жаттығу.Тапсырма: Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазу.

67-жаттығу.Тапсырма: Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.

Үлгі: толық-толықтау-толығырақ-толықша.

Толық. Биік. Көк. Сұр.Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.

Тапсырма.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып, жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

Ақылды-от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу боз, тәтті, сүйкімді, тәртіпті, сылбыр, қышқыл, көкшіл, жасық, өткір, өжет, әдемі, сыпайы, мәдениетті, иманды.

69-жаттығу.Мәтінді дауыстап оқып шығыңдар.Балалардың портретін жасауға қатысып тұрған сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып көшіріп жазыңдар.

Үйге тапсырма.70-жаттығу. Салыстырмалы шырайды көбірек пайдаланып, бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазып келу.Ережені оқу.

Бағалау.

Ашық сабақ. 4 сынып. Циркте
Ашық сабақ, Мамандығым мақтанышым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу