Ашық сабақ. Математика. 6 сынып. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Oinet.kz 05-10-2017 4773

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:  6.3А  Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: №66 ЖОББМ

Күні,айы: 16.01.2020ж     Пәні:математика

Мұғалімнің аты-жөні:  Утегенова   Ж.М.

Сынып: 6  «Б»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.Мәндес теңдеулер.Бір айнымалысы бар   сызықтық теңдеулерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес)

6.2.2.3

бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаты

 Оқушылардың   барлығы:

-       Бір   айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

-       Бір   айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

 -   Бір   айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

Бағалау критерийі

Оқушылар:

-       Бір   айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

-       Бір   айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

 -     Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-            теңдеулердің   қасиеттерін айта алады;

-            сызықты   теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;

-            теңдеулердің   қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

-       теңдеу;

-       теңдеудің түбірі;

-       теңдеудің сол жағы;

-       теңдеудің оң жағы;

-       тепе-тең   түрлендіру;

-       сызықты теңдеу;

Диалогқа/жазылымға   қажетті тіркестер:

-       теңдеу деп –   құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз.

-       теңдеудің түбірі   деп ...;

-       теңдеуді шешу   дегеніміз - ...;

-       сызықты теңдеу деп   ...;

Құндылықтарға баулу

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста   адал және шынайы айқын;

- Өзгенің пікірін құрметтеу;

Пәнаралық  байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Санды   теңдіктер  және олардың қасиеттері

                                                                        Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

             Сабақтағы жоспарланған   жаттығу түрлері

Дереккөздер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру   кезеңі:

Ұйымдастыру.   Амандасу. Топқа бөлу: Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлу   арқылы.

1 топ – Оң   сандар (сары)

2 топ –   Теріс сандар (қызыл)

3 топ –   Бүтін сандар (жасыл)

4 топ –   Натурал сандар (көк)

Топтын атына   байланысты сұрақ қойлады.

Оқушылардың   көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық   сыйлау.

Психологиялық   ахуал:

Көршіңді оң   жақтан құшақта,

Көршіңді сол   жақтан құшақта.

Оң жақтағы   көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы   көршіңе бір жымиып.

Бүгінгі   сабақ барысы,

Сәтті болсын   бәріңе.

Үй тапсырмасын тексеру  №778   оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген   сұрақтарын тақтада орындайды.

Оқушыларға   сұрақтар қоя отырып, өткен сабақты пысықтау.


Сабақтың ортасы

 

6-10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-13 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   14-20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21-23 мин

 

 

 

 

 

 

 

24-30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31-32 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

33- 36 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37-38 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Өтілген сабақты қайталау.   Өтілген сабақты «Доп лақтыру» әдісі бойынша қайталаймын   (мұғалім сұрақ қойып оқушыға допты лақтырады, ал оқушы сұраққа жауап беріп   басқа оқушыға  лақтырады).
  1.Тура санды теңдік деп қандай теңдікті айтамыз?
  2.Тура санды теңдіктің қандай қасиеттері бар?

3. Санды теңдік   дегеніміз не?

4. Екі тура   санды теңдік қалай қосылады және көбейтіледі?
  5.Жақша алдында «+» таңбасы болса жақша қалай ашылады?
  6.Жақша алдында «-»таңбасы болса жақша қалай ашылады?
  7.Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды?
  8.Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?

 

«Тез жылдам әдісі»  арқылы    жылдам шығарылатын есептер беріледі.

1. Теңдеуді   шешу:        -5х=5

   а)    -1;                  в)  5;                 с) түбірі жоқ

2. Теңдеуді   шешу:        7х+3 = х+15

    а)    2,25;             в)    2;                 с)  3

3. Теңдеуді   шешу:        2х = 0

    а)    0;                 в)  1;                 с)  х- кез-келген сан

4. Теңдеуді   шешу:        6х-7 = х+3

    а)    2;                в) -4/7                с) -4

5. Теңдеуді   шешу:        3х = 1

     а)    3;               в)   1/3               с) 1

 

Дескриптор:     Білім алушы

-теңдеудің   түбірін табады;

 

Жаңа   сабақты меңгеру

Жаңа сабақ   тақырыбын жариялап, мақсатымен таныстыру;
  Жаңа сабақты «Шағын дәріс» әдісі   бойынша тірек сызбалар көмегімен түсіндіремін.

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Бір х айнымалысы бар сызықтық теңдеу

деп ах + b =   0 түріндегі теңдеуді айтамыз. Мұндағы    a және  b – кез келген   сандар  (коэффициенттер).
  Сызықтық теңдеуді шешу -  теңдеуді тура   теңдікке айналдыратын  айнымалының   барлық мәнін табу. Айнымалының мұндай мәндері теңдеудің түбірлері деп   аталады.

Егер  а = 0 және    b = 0, яғни  теңдеудің  түрі    0х + 0 = 0 болса, онда теңдеудің түбірі кез келген сан  (шексіз).
  Егер а = 0 және  b ≠ 0,    0·х + b = 0, онда  теңдеудің түбірі жоқ.

Сызықтық   теңдеуді шешу алгоритмі   ax + b =   0  ,     а ≠ 0
     1. Теңдеуді  ax = - b түрге келтіру.
     2. Теңдеудің түбірін    x = ( -b ) : а  түрінде жазу.

Екі теңдеу   мәндес деп аталады, егер түбірлері бірдей болса немесе олардың  екеуінің де түбірі болмаса.

МЫСАЛЫ      4х-2=0     және  2х – 1 = 0  теңдеулері    мәндес.
   Олардың әрқайсысының түбірі:   х =0,5.
Теңдеуді шешу процесі өзіне мәндес қарапайым теңдеумен алмастыруға   келеді. Мәндес теңдеулер символымен   белгіленеді; Мәндес теңдеумен алмастыру:

1) теңдеудің   екі жағына да бірдей санды қосу     (қосылғышты теңдеудің бір жағынан екінші жағына қарама қарсы таңбамен   ауыстыру); 
  2)  теңдеудің екі жағын да нөлден өзге   бір санға көбейту немесе бөлу  (дербес   жағдайда  -1-ге);

Теңдеуді   шешу алгоритмі    ax + b = cx + d ( a ≠   c )

1. теңдеудің   барлық белгісіз мүшелерін теңдіктің оң жақ бөлігінен қарама қарсы таңбамен   сол жақ бөлігіне ауыстыру.

2. ұқсас   мүшелерді біріктіру,  теңдеуді    kx + m = 0 түрге келтіру, мұндағы k ≠ 0.

3. теңдеудің   түбірін жазу: x = -m : k.

Теңдеулерді   түлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері   пайдаланылады.

1 – қасиет:   теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама – қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір   жағынан екінші жағына  көшіргенде   теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2- қасиет:   теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде   теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалы: 6х+2,8=4х-1,2
                    6х-4х=-1,2-2,8
                    2х=-4
                     х=-2

Жауабы: -2
      Демек а
=2, в=-4 болса, теңдеудің     -2-ге тең бір ғана шеші мі болады. 1- қасиет бойынша: 6х-4х=-1,2-2,8   және  2 - қасиет бойынша: 2х=-4   теңдеулері мәндес теңдеулер. Себебі теңдеулердің түбірлері бірдей.


    Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу   алгоритмі:

 

1)      Теңдеуді теңбе-тең   түрлендіріп ықшамдау қажет;

2)      Айнымалысы бар   мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау   қажет;

3)      Теңдеудегі ұқсас   мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру қажет;

4)      Теңдеудің екі бөлігін   де айнымалының коэффицентіне бөліп, теңдеудің    х=  түбірін табу қажет.

Ауызша   есептер. Кітаппен жұмыс

№779. Теңдеуді шешіңдер

1)        x+2,7=3        2) х-0,6=1,4              3)  

4x-1         6 2,7х+1,3=x+3              5)  2х-5=х-1

 

Дескриптор:     Білім алушы

-теңдеудің   түбірін табады;

№780. Теңдеуді шешіңдер

1)      2х+17=22+3х                       

2)        18+3х=х+14

3)        25-4х=12-5х

4)        13х+27=16х+4,5

5)        21х+45=17+14х

6)        13х+70=2х+15

Дескриптор:

-Айнымалысы бар мүшелерді   теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына дұрыс жинақтайды,

-Ұқсас мүшелерді дұрыс   біріктіреді;

-Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне   бөліп теңдеудің түбірін дұрыс  табады.

№782. Теңдеуді шешіңдер

1)        х=

2)        х-

3)        х-

4)        1

5)       

6)       

Дескриптор:

-Айнымалысы бар мүшелерді   теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына дұрыс жинақтайды,

-Ұқсас мүшелерді дұрыс   біріктіреді;

-Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне   бөліп теңдеудің түбірін дұрыс  табады.

Жалпы сыныппен   жұмыс (топтық жұмыс)

 

1)                              3)

2)        5 +                   4)


       Жауаптары: 1) 13;  2) 9;  3) -4;    4) -6.


Дескриптор:     Білім алушы

- бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді;

- ұқсас мүшелерді біріктіреді;

 - теңдеудің   түбірін табады.

«Күн шуағы» ойыны

Оқушылар алдын ала берілген кеспе қағаздар   бойынша жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығарады. Дайын болған қатар күннің   шуағын тақтаға жабыстырады. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу.

Жұптық жұмыс


    1.    3(х – 5) + 10 = 2(3 + х)       – 14 2.   1,2(2х – 4) + 0,6 = 3х – 3,63. 16у –       4 = 12у + 8                        4.  5(7 – 2х) + 13 = 9х + 48            5.   4(3 – 7у) + 10 = –10у – 866.  6у – 72 = 4у – 56                              7.  5х + (13,4 – 2х) = 16,4х           8.  12 – (4х + 5) = 7 + х                9.   5(2х       – 3) + 11 = 6х                  10.  –2(7 – у) + 13 = у                  11.  5 – 3(2х – 1) = 4х – 22           12.  1,2х       – 7 = 6х – 16,6  


 

 

 

 

 

 


 

       Дескриптор:     Білім алушы

- жақшаларды   ашады;

- берілген   теңдеуді   түріне келтіреді;

- теңдеудің   түбірін табады;

Жеке   жұмыс

 

7x-(3+2x) =x+9          13-(2x-5)=x-3            6х-7 = х+3         11х – 9 = 4х + 26;  

 

3x-(10-9x)=22            26-(17-2x)=5x                 7х+3 = х+15         6х+(3х2)=16;

 

      Дескриптор:     Білім   алушы

- жақшаларды   ашады;

- берілген   теңдеуді   түріне келтіреді;

- теңдеудің   түбірін табады;   

 

Математика

2-бөлім,

Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2018

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 жұмыс дәптері

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №4

 

 

Сабақтың соңы

39-40 мин

Үйге тапсырма: №781,783

Рефлесия:  «Анкета» әдісі.

«МЕН ҮШІН   БҮГІН САБАҚТА»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар   үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

СабақМен сабақта       Қорытынды1. қызық        1. жұмыс     істедім          1. материалды     түсіндім.2. қызықсыз          2.демалдым2. білетінімнен де көп                білдім.3.енжарлық басым         3.басқаларға           көмектестім.          3.түсінбедім


Математика

2-бөлім,

Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2018

                                                              Қосымша   ақпарат

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Үлгерімі жоғары оқушылар топтық, жұптық,жеке   тапсырмаларды ерте орындағанда үлгерімі төмен оқушыларға түсіндіру жұмысын   жүргіздім,көмектестім.

Мұғалім тарапынан     «Жарайсың», «Жақсы», «Талпын» деген мадақтау сөздер арқылы бағалаймын.

Оқушылар бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалап   отырады.

Оқушылармен   сергіту сәті жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия.Сабақ мақсаттары немесе оқу   мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.Барлық оқушылар оқу мақсатына сабаққа   толық қатысып, белсенділік танытып отырды. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Сабақ   кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым.











Ашық сабақ. Алгебра. 8 сынып. Тест сұрақтары мен жауаптары
Ашық сабақ: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу