Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Отбасындағы бала тәрбиесі жайлы зерттеу жұмыстары да, кітаптар да өте көп. Десек те балабақшаның тәрбиедегі рөлі көлеңкеде қалып жатады. Отбасыда бар көңілді өзіне аудартып жүрген баланың қоғаммен байланысын балабақша қалыптастырады. Балабақшасыз да қоғамға сіңген буынды айтып мысал келтірушілердің табылуы ғажап емес. Бірақ баланың еркін пікір білдіру дағдысы, қоғаммен гармониясы балабақшада жоғары деңгейдегі динамикада дамиды.
Балалардың психологиялық типі балабақшада тереңінен ашылады. Мысалы, аутизм, ерте жастағы шизофренияға шалдыққан балалардың типажы көпшілік ортада айқын байқалады. Психологиялық ерекшеліктің бастапқы кезеңде анықталуы – емдеу ісінде жақсы көмек бола алады.
Кей балалардың бойынан ата-ана кемшілік деп тапқан деттер кремет дағды қалыптастырушы ресурс болып көете алады. Тіпті қоршаған ортада есер қылығымен танылған балалар өзін тануға әлсіз боп келеді. Үнді режисері әрі актері Аамир Ханның «Жердегі жұлдыздар» (Taare Zameen Par) фильмін көрдіңіз бе? Балалардың басындағы трагедия бас қаһарман Ишан Авастидің сомдауындағы драммалық фильмге арқау болады. Өзге түгіл өзін-өзі ұғынбайтын баланың бойындағы талантын байқап, сурет пәнінің мұғалімі Рам Никум жұлдызын жағады.Дислекция синдромымен ауыратын Ишан бала кезден қатарынан ерек болады. Ынжықтық пен еріншектікке бой алдырды деп қабылданатын бүлдіршін әлемді бөгде көзбен көретін. Ол ешкімнен жылу сезбейтін және мейірімді қажет те етпейтін. Себебі, оны туған ата-анасы қолдамайтын. Өзінен ересек ағасының жетістіктерін жіпке тізіп Ишанды мезі ететін. Өз әлемінің батыры Ишан қоғамдық мектептің бар екісін сөмкесімен арқалап қайтатын. Бестік ұлымен мақтанып, екілік ұлдан жиренген ерлі-зайыпты Авастилар перзентін мүмкіндігі шектеулі балалар интернатына тапсырады.
Интернатта стрестегі Ишан тіпті кері кетеді. Ол жердегі мұғалімдердің өзі шағым айтып, бала құлқына теріс пікір айтады. Ұстазы Рам Никумның арқасында бала дұрыс жазып, дұрыс оқиды. Энштейнмен диагнозы бір Ишанның көптеген ұлы тұлғалармен балалық шағы типтес. Ұзын сөздің қысқасы, бұл кинокартинаны әрбір ата-ана көруі тиіс! Ата-ана жақпаған шырақты балабақша трбиешісі байқап, жақпасына кім кепіл?
Кез келген адамға көруге ұсынатын келесі фильм фантастикалық драма. «Бенджамин Баттонның құпия тарихы» (The Curious Case of Benjamin Button) фильмі көрерменге 2008 жылы жарияланды. Өмірге қарт кейіппен келетін Бенджаминді баласының есеюін қалайтындардың көргені абзал. Бенджаминнің осы ерекшелігі үшін әкесі перзентінен бас тартады. Әкесі қалдырған қарттар үйіне жауапты әрі перзентке зәру Куини ханым баланы бауырына басады. Ана мен әке мейірімін, қамқорлығын қарттар үйінен алады. Тағдырына мойынсұнған Бенджамин жыл өткен сайын жасарады. Кезкелген жұмыстан бас тартпай, тіршіліктің қамын жасайды. Бенджаминнің бұл ерекшелігі аз азап шектірмеді. Ең қиыны алғашқы махаббатын кезіктірген кезі еді. Сәби кейіпінде алғашқы махаббатының құшағында қайтыс болады. Режиссер Дэвид Финчердің бұл кинокартинасы «Оскар» мүсіншесін үздік фильм номинациясын иеленген. Америкалық жазушы Фрэнсиса Скотта Фицджеральданың әңгімесінің желсімен түсірілген фильм ересектерге ой салары анық. Бала тәрбиесінде сабырлы болуды осы туындыдан түюге болады.
Бұл фильмнің қандай екенін жүлделеріне қарап білсеңіз болады. Трагикомедия жанрындағы кинокартинаның бас кейіпкерін тәжірибелі актер Том Хэнкс ойнайды. Алғашқы көрсетілімнен 24 млн доллар қаражат жинаған бұл туынды 38 марапаттан бөлек, 6 «Оскар» сыйлығына ие болған. Үздік фильм көрерменге ерекше мотивация сыйлайды. 142 минуттық көлемде қайталанбас адамның өмірі суреттеледі. Оның IQ – і небәрі 75 болса да ол танымал футболшы атанып, соғыста аузын айға біледі. Миллиардер, тіпті бизнесмен атанса да кең жүректі, ақкөңіл қалпын сақтап қалады. Әрқашан сәттілік серігі болып, айы оңынан туып отырады. Ақ жарқын, қайырымды жан өзінің өзгеге ұқсамайтын ерекше тағдырының тарихын аялдамада отырып баяндаудан басталатын бұл фильмнің атауы Форрест Гамп (Forrest Gump) болатын.
Жоғарыда аталған фильмде р мен балабақшаның не қатысы бар деп таң қалмаңыз. Баланың бойындағы эгоны жеңу немесе қатынаста плюске айналдыруға тек ата-ананың көмегі жеткіліксіз. Перзентін бақшадан алғанда «Не жедің?» деген сұрақ қоюдан аспайтын үлкендер оның сихикасына кері сер етеді. Баланың болмысы ересектерге жасалған қатынасқа даын Тек оны тжірибе жүзінде қолдануға қорықпау керек. Балаға тек «Сен мықтысың!» деп дем беру перфекционист тұлғаны қалытасрады. Бірақ бала, сынға төзімсіз болады. Бқшадағы бала жеке даму дағдысын ертерек қалыптасырады. Сөйлегенде сөздік қоры молаяды. Ойын ашық әрі дәділ жеткізеді. Бірнеше тіл меңгеруге бейімделеді. Есте сақтау қабілеті күшейеді. Ең бастысы-өздігінен тіршілікке бейімделу процессін қалыптастырады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.