Қыз Жібек рөліне 400 қыздың арасынан таңдалған Дауа Шәкірова кісі қолынан қаза болды ма?

Oinet.kz 30-08-2023 4779

Махаббат арқылы, екі рудың ара-қатынасы, сол арқылы халық өмірі мен тағдыры бейнеленген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі бүгінде қазақ киносының алтын қорына енген. Қазақстанға еңбегі сіңбеген қайраткер Серікқазы Көкенай әлеуметтік желідегі парақшасында "Қыз Жібек" Фильміне қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_17.jpg

"Дауа Шәкірованы «Қыз Жібектің» рөліне 400 қыздың ішінен таңдап алын­ғанын біреу білсе, біреу білмейді. 1966 жылы басты рөлге іріктеуден өтіп, 1967 жылы фильмнің басты рөліне шақырт­қанда Дауа өмірден өтіп кеткен еді.

– Дауа 21 жасында ғана дүние салды. Адам қолынан деп ойлаймыз. Бірақ бізге троллейбуста тоқ соқты деді. Анамның жылағаны әлі көз алдымда. Әкем болса, қайтыс боларын сезіп жүрді. Үш күн бойы Көленбай ағаның үйінде жатып алды.

Кейін қайдан білдің деп сұрасақ, «түрмеде отырғанда 21 жылға алданыш берем деп аян берген» деп жауап қатқан еді. Иә, Дауаның тал бойында бір мін жоқ сұлу еді.

Бір айдан соң сіңлім қайтты. Он екіні жерге көмдік. Әкем мен шешемнің көрмегені жоқ. Сонда әкем: «Дөңгелеген дүние. Өмір сүру үшін шыдамдылық, қайсарлық, батылдық, адалдық, сабырлық керек» деп отыратын. Анам Серікбөбе Молдаханқызы да мықты адам болды, – дейді Сана апай күрсініп",- деп жазба қалдырған. 

Ұстаның үйі (ой салатын мысал)
Апамды жек көріп кеттім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу