Күйеуі теңізде тұншығып жатқан әйеліне көмектеспей тастап кетті

Oinet.kz 15-01-2023 455

⁃ Кеме апатқа ұшырап, су түбіне батып бара жатты. Тек бір ерлі-зайыпты ғана аман қалып, қорғаныс қайығына жетті. Өкінішке орай, оған бір адам ғана сыятын. Күйеуі қайыққа өзі отырды да, әйелін мұхит ортасына қалдырып бара жатты. Тұншығып, мұхит түбіне батып бара жатқан әйел күйеуіне соңғы рет былай деп айқайлады, - деді әдебиеттен сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім.

 Screenshot_18.jpg

Осы жерде мұғалім әңгімесін кілт тоқтатты да: “Әйелдің күйеуіне айтқан соңғы сөзі не деп ойлайсыңдар?” - деді сыныпқа қарап.

Оқушылардың көбінің жауабы ұқсас еді. “Мен сені жек көремін! Оңбаған, мен көрсоқыр болыппын! Қалайша саған сеніп келгенмін?” Оқушылар осы шамалас сөздерді жарыса айтып жатты. 

Тек соңғы партада отырған ұл бала ғана үндемеді.

 ⁃ Ал сен қалай ойлайсың? - деді мұғалім әлгі оқушының қасына келіп.

 ⁃ Менің ойымша, “баламызға жақсылап қара, саған аманат!” деген шығар, - деді бала жайбарақат қана.

 ⁃ Сен бұл оқиғаны білесің бе? - деп таңғалды мұғалім.

 ⁃ Жоқ, анам қайтыс болар шағында әкеме осылай деген, - деді оқушы.

Мұғалім теріс бұрылды да, оқушыларға білдірмей көз жасын сүртті.

⁃ Дұрыс, - деді мұғалім. - Сонымен кеме мұхитқа батып кетті. Ерлі-зайыптының жалғыз қызы бар еді. Ер адам аман-есен үйіне оралып, қызын өзі жалғыз жүріп өсірді.

Бірнеше жыл өтті. Қыз бойжетті. Әкесі де өмірден өткен. Бір күні бойжеткен әкесінің заттарын реттеп отырып, күнделігін тауып алады. Онда былай деп жазылған екен: “Біз саяхатқа шығар алдында әйелім қатерлі ісікпен ауыратын. Диагнозы өте ауыр еді. Санаулы ғана өмірі қалған. Аллам-ай, әйелімнің орнына мен суға батуым керек еді. Бірақ мен қызымды ойладым. Оны тас жетім еткім келмеді. Сондықтан амалсыздан әйелімді мұхит түбіне қалдырып кеттім”. 

Сыныпта үн жоқ. Оқушылардың көздерінен бұл әңгіменің оларға ерекше әсер еткенін байқау қиын емес еді. Олар өмірінде бірінші рет алғашқы ойдың жаңсақ болуы мүмкін екенін түсінді.

Істің байыбына бармай жатып, үкім айту - қателік. Адамды толық білмей тұрып, оның әрекетіне үстірт баға беруге болмайды. Өйткені біз оның тағдыры туралы көп нәрсені білмеуіміз мүмкін. 

Әңгіме интернеттен алынды. 

Ғайни Жалғасбайқызы

Құнанбай сұлтанның əйелінің ауруы
Әкесін жаны ашымайтын жақыннан құтқарған ақылды қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу