Құнанбай сұлтанның əйелінің ауруы
Құнанбай сұлтанның құдай қосқан қосағы елерме ауруымен шалдығады. Елінің игі жақсыларының арасынан бір қариясы үйіне келіп:
- Уа, сұлтаным келін киелі батаға жерік болыпты, ондай батаны тектінің тұқымы ғана береді,- деп шығып кетеді. Құнанбай сұлтан ойланып отырып:
- Ия мынау қария дұрыс айтады. Аузын Айға білеген Батыр Ханбастың ұрпағы палуан Ырсымбетке барайын,- деп жолға шығады. Жанына жолсерік алып, ал ауру жұбайын түйеге мінгізеді. Араға бірнеше күн салып Киелі табақ Бестораңғылға зиярат жасап, палуан Ырсымбеттің шаңырағына бірақ тоқтайды. Ырсымбет палуан далаға шығып Құнанбай сұлтанды көріп таң қалады. Құнанбай ат үстінде тұрған бойы былай депті:
- Уа, тектінің тұқымы əкең Ағасұр Би Мырзабай Алты Ата Көктің- ұлына батпан асыра бата бергенде, маған сол батаның пұт-келісі бұйырама деп, ат басын бұрған бұйымтайым бар,- деп аттан түседі. Ырсымбет палуан түйенің үстіндегі келіншекке көзі түсіп:
- Құнанбай құдай жолын ұстаған жансың жалауыңа жебеуім болсын, жұбайыңды жүресінен отырғыз,- деп бірден түсінген екен. Күректей алақанын күншығысқа жайып, үйге кіргізбей тұрып былай депті:
- Уа, келінім киелі,
Сүзіп келген сөз аулақ,
Түртіп келген тіл аулақ!
Сүбе - сүбе сөйлесем,
Батыр Ханбастай шері көрсін.
Беліңді буып жеңілденсең,
Ұраншы Махамбеттей ер берсін!
Тақымы таймас Алатаудай,
Сүңгі алмайтын Ер берсін!
Жерік болып желіксең,
Ішкен- жегенің ем болсын!
Алты Алаштың асылы болар,
Алтын асық ұл берсін!
Əділдік болсын Ұраны,
Сүзбе тиседе өлмесін!!!
Осы батадан соң əділдікпен ақ қарасын ажыратса тау шайқалған Құнанбайұлы "Ибраһим", Абай Құнанбаев туылады.