Әкесін жаны ашымайтын жақыннан құтқарған ақылды қыз

Oinet.kz 16-01-2023 440

Бір шаруақор әке сиырын сойып, қазан астына от жағып, қызына «Бүгін бір мереке болсын, туыстар мен көрші-қолаңды кешкі асқа біздікіне шақыр» деп бұйырады. Қыз көшеге шығып, «Үйіміз өртеніп жатыр, көмектесіңіздер!» бар дауысымен айқайға басады.

Screenshot_4.jpg

Сәлден соң көшеге біраз адам шығып, қыздың үйіне қарай бет алады. Кей адам дым естіменгендей өз ауласынан шықпай қала беріпті. Келгендер кешке дейін жас еттен жеп, мол дастарханнан дәм татып, күліп-ойнап қайтыпты. Келген кісілерге қараған әкесі таң қалады. «Мұндағылардың бірде бірін танымаймын, кімді шақырғансың? Туыстар мен көршілер қайда?» деп қызынан сұрайды. Қызы шындықты айтыпты. «Мұндағылардың бәрі мерекеге емес, біздің үйден шыққан өртті өшірісуге келгендер» дейді. «Сіздің ниетіңіз пен пейіліңізді лайық адамдар көрсін деп,  мәрттігіңіз бен қонақжай ықыласыңыздың қадірін түсінетін жандарды шақырдым» депті қызы.

Бұдан түйер ой: «Басыңа күн туғанда қол ұшын созбағандар сенің тойыңда не тындырмақ?»

Аударған Шынар Әбілда

Күйеуі теңізде тұншығып жатқан әйеліне көмектеспей тастап кетті
Еден жуушы карантиннің арқасында өзін қорлағандардан кегін алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу