Қандықол қарақшының әйелі қалай өмір сүреді?

Oinet.kz 30-07-2020 1704

Танымал қылмыскерлер қолға түскенде олардың жантүршігерлік әрекеттері жүректе қорқыныш отын маздатады. Олардың ет жақындары, тіпті әйелдері қалай қорықпай бірге өмір сүргендігі қызық. Ондаған әйелді өлтірген "американдық психопат "  Тед Банди қамауға алынғанға дейін Элизабет Клепфермен бірге тұрды. Түрмеде отырғаннан кейін ұсынысын қабылдаған Кэрол Анн Бунмен махаббат дастанын құрады.Сонымен, неліктен әйелдер сериялық кісі өлтірушілермен бірге тұрып, тіпті олардан бала туудан жасқанбайды?

image.png

Тед Бандидің қылмыс тізбегіне арналған "Әдемі, жаман, жауыз" фильмінен кадр.

Қылмыскер тым жақында болуы ғажап емес. Қалалық аңыздар немесе детективтің сюжеті емес. Бізді енді кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, қан таң қалдырмайтын дәрежеде фильмдермен етене болып кеттік. Себебі фильмдер мен сериалдардың басым бөлігі – қылмыс тақырыбын арқау етеді. Әлеуметтік желілер барлық жер бұл тақырыпта еркін жарияланым жасайды. 

Сериялық маньяктың табиғаты туралы ойлау – нәтижесіз, «тап осылай» дейтіндей норма жоқ. Соңғы он жылда қылмыскер образын детективтер стандарт кейіпте нақтылағысы келген. Бұл әрекет зая кетті. Қоғамда ваккум бір сұрақ пайда болды «қылмыскердің жарын» қоғам қалай қабылдау керек? Олар қылмыскердің құрбандары туралы бәрін біле ме?

Кісі өлтіруші қылмыскерлерді бар танысы жақсы көреді. Әріптестері мен көршілеріне сыйлы. Қылмыскерге ең жақын жары оның әрекеттерін байқамауы мүмкін бе? Біз маньяктың жан дүниесіне ене алмасымыз хақ. Бірақ қылмыскердің жарын елестетіп көрелік. 

Ол күйеуінің қылмыскер екенін білмеуі мүмкін бе?

Мүмкін. Әйел адам тұрақтылық пен адалдыққа бейім. Күйеуінің жанында екендігін медет тұтып, өзге әрекеттеріне зер салмауы мүмкін. Күйеуі саналы түрде өз қылмысының ізін аңдатса, әйел адам бірден кісі өлтірушілік деп бағаламайды. Отбасылық өмірдегі қиянат деп қана тұспалдайды. Бұл жағдайда ер адам деректер жасыруда салғырт бола бастайды. Әйел адам бір ойы мен екінші ойы қабыспай әлекке түседі. 

Мұндай жағдайда әйелдің соқырлығы феноменальды. Детективтердің зерттеуінде, жұбайының көлігінің артқы орындығындағы қанды көргенде немесе жертөледен иіс сезінгенде, әйелдер бірдеңе білуге және тексеруге тырыспайды.  Күмәнін жеңіл ақтауға бағытталған әрекеттерге негіздейді.  Тіпті құрбанға тиеслі әшекейлерді сыйға алса да, әйелде еш күмән болмайды. 

Жұбайының былығын білгендер қандай шешім қабылдайды?

image.png

Феодосия (Евдокия) Чикатило жеке мұрағатынан

Бірінші әрі қорқынышты нұсқа – Бонни мен Клайдтың нұсқасы. Ситуацияда әйел өзінің сүйіктісін шын жүректен қолдайдытіпті  оның серіктесі болады. Егер ер адам презентацияда харизматикалық болса, ол идеяны шын жүректен жұқтыруы мүмкін. "Қанішермен" отбасы құратын әйелдердің психологиясын зерттеу Чикатило мен Пичушкин жағдайында болған. Чикатилоның зайыбы оның қарапайым әрі мінсіз күйеу болғандығын айтқан. Олар "қоғамдағы паразит адамдардан босататын орман санитары" рухында өте құнды идеялармен шабыттандырды. Әйелі бұл әрекетті дұрыс деп тапты. Қоғамды қауіпті тұлғалардан азат етіп жатқанына шын сенді. 

Алайда мұндай жағдайлар көп емес. Әйел күйеуінің қалауы мен ұмтылысынан мүлдем хабарсыз болатын жағдаяттар бар.

Соңғы жылда Ресейде өгей әкесі баласын азаптап өлтіргені талқыланды. Баланың анасы жағдаяттан хабардар болғанда, жасыруға әрекеттенген. Кейіннен әйел күйеуінен қорқуы себепті айтпадым деп ақталған. Әйел бұл жағдаятта қоғамның айыптауынан қорыққан.  Әйелдерде эмоциялар көп шоғырланып қинайды. Ақталмаған үміт, ашу, реніш, Барлық эмоцияның балансын сақтауға ұмтылыс. Шындықтың ашылуынан қорқу, туннельдік ойлаудан туады. Тек бір жолды, бір шешімді көңілге байлап қылмыскердің айыбын жасырады. 

Тіпті қылмысты жасыруға мотив болатын  балаларын ұяттан қорғауға ұмтылс. Қылмыскердің баласы ретінде қоғамда өмір сүру – өзің қатыссыз қылмыстың үкімін естумен тең. 

Қылмыскердің жарлары құқықтық жауапкершілікке тартылады ма?

image.png

Қылмысқа тікелей қатыссыздығы расталса, жазаланбайды. Заң тұрғысынан ол кінәсіз және ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Заң тұрғысынан жақындары бір-біріне айғақ беру қажеттілігінен босатылады. 

Теория бойынша, мұндай әйелдерге үйдегі зорлық-зомбылық құрбандары сияқты білікті көмек пен қамқорлық қажет. Оларға психологтың көмегі, дағдарыстан шығу бағдарламасы, жеке және топтық жұмыс қажет. Көп жағдайда, әйелдер есімі мен балаларының құжаттарын ауыстыруды жөн санайды. 

Қылмыскердің жарлары да қылмыскердің қатардағы құрбаны саналады. Психотерапевт Люция Сулейманова туыстық сигматизмге салынбауға шақырады. Әр адам өмірдегі әрекеті яки әрекетсіздігі үшін дара жауапкершілік жүгін арқалайды.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Бақытты болу үшін не істеу керек?
Бесіктің шығу тарихын білесіз бе!?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу