Әлемдегі ең бақытты елдер белгілі болды

Oinet.kz 22-05-2009 854

Screenshot_5.jpg

Әйгілі Forbes журналы әлемдегі ең бақытты елдерді атады. Бұл тізімнің басында Дания тұр. Өмірге қанағаттану рейтингісінде бірінші орын иеленген осы ел  әлем бойынша коефиценті жағынан ең жоғарғы көрсеткішке ие, яғни 90,1, ал болашаққа сенімді көзқарастары 92,3. Журналдың мәліметінше, даниялықтардың өмірлеріне қанағаттануларына негіз бар.  ІЖӨ жан басына шаққанда 68 мың 362 долларды құрайды, ал жұмыссыздық деңгейі 2% шамасында.

«Жақсы тұруға болатын» елдердің алғашқы үштігіне Финляндия мен Голландия кірген. Forbes –тің жобалауынша, өмірге қанағаттану сезіміне ие азаматтардың барлығы  демократиялық, экономикалық еркіндігі бар елдердің тұрғындары.

«Бақыттылардың ондығына» Ирландия, Швеция, Швейцария, Канада, Жаңа Зеландия мен Бельгия да енгізілген.

Forbes тұрғындары өздерін аса бақытты сезінбейтін ел ретінде Қытайды атады. Оларда жұмыс аптасы 47 сағат, ал ІЖӨ жылына жан басына 3 мың 600 долларды құрайды.

Бақыттылар рейтингісі 140 елде жүргізген сауалнама мен халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтері негізінде жасалған.

Ең үздік жемқорлар кімдер?
Гитлер капут! Гитлер - тірі!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу