Самарқанның көк тасы

Oinet.kz 01-10-2019 3504

kak-budet-prohodit.jpg

Наурыздың келуімен тіршілікке жан бітеді. Қыс бойы ұйқыда жатқан табиғат оянады. Жер анамен бірге адамның ішкі жан дүниесі де қайта түлейді. Бұл күні тіпті Самарқанның көк тасы да ериді. Халық арасында «Самарқанда әйгілі Ақсақ Темірдің тағы бар, Наурызда ханның қаһары жібиді, егер біреу өлім жазасына кесілсе, соған өлім бұйыртпай аман алып қалатын, райынан қайтаратын күн» деген сөз айтылады.  Кейде  «ғұлама Ұлықбектің обсерваториясындағы аспан денелерін белгілеген тасқа Ұлыстың ұлы күні – Наурызда күн сәулесі тікелей түскенде әлгі тас жібиді екен» деген де сөз бар. Осы сөздердің түп-төркініне үңілген ғалым Нұрдәулет Алдашевтің зерттеуінше, бұл жердегі көк тас  лазурит болуы мүмкін. Түсі – қою көк, жылтырлығы – шыныдай лазурит әшекей тас ретінде қолданылған.  Тас сөзі монғол-түркі тілдеріне ортақ, ол «мүлдем, әбден, мықты» деген мағынаны білдіреді. Ғалымдардың пайымдауынша, Самарқанның ежелгі атауы «Мараканда» осы қастерлі тас атауына байланысты шыққан. Өйткені парсы тілінде «кан» қазіргі «кен» дегенді білдіреді. Сонда Самарқаныңыз «самаргда» (асыл тас) кеніне сәйкес келеді. «Кан» сөзі кейін «канд», «кент» елді мекен, қала, шаһар деген мағынаға өзгеруі мүмкін деген топшылаулар бар

-Қалай болғанда да «Самарқанның көк тасы еріген» кезді ата-бабаларымыз «асыл тас», «тас», «көк тас» деген мағыналарынан қабылдай отырып, бұл мезгілді  табиғаттың қастерлі де қасиетті күні деп есептеген. «Самарқанның көк тасы» – ұлтымызды рухтандандыратын, Наурыз мейрамының әдемі бір бояуын бойында сақтаған сөз,-деп тұжырым жасайды ғалым. 

Жер игеріп, пайдаға кенелмек
Иран елі Наурызды 13 күн тойлайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу