Ақордада тағайындаулар басталды
Ақордада тағайындаулар басталды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.
Ата Заң бойынша Президент жаңадан жасақталып жатқан үкімет құрамындағы үш министр: ішкі істер, қорғаныс және сыртқы істер министрлерін дербес тағайындайды.
Мемлекет басшысы ішкі істер министрі лауазымына Марат Ахметжановты, ал қорғаныс министрі қызметінде Руслан Жақсылықовты қайта тағайындады.