4 баланы өсірген аналарға кемі 65 мың теңге зейнетақы беріледі - министр
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі бар өмірін балаларына арнап, жұмыссыз болған аналардың зейнетақысының қалай белгіленетініне байланысты сауалға жауап берді. Сөзінше, мемлекет мұндай аналардың әр баласына 3 жылдық еңбек өтілі ретінде қарастырады.
Министр зейнетақы жинағы төмен аналарға бала санына қарай еңбек өтілі мерзімі берілетінін айтты.
“Егер ана өмірін баласына арнап, соған қараған болса, әр балаға 3 жылдан қосымша еңбек өтілі беріледі. Сондықтан ең кем дегенде мемлекет 4 бала дүниеге алып келген аналарға 12 жылдық еңбек өтілін сыйлаған. Сонда аналар ең кем дегенде 65 мың теңгеден жоғары зейнетақы алады”,- деді Тамара Дүйсенова.