Отан қорғаушылар күніне орай сенбілік ұйымдастырылды

Oinet.kz 04-06-2026

Screenshot_30.jpg

Бүгін Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауыл аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, шарбақтар сырланып, айнала шөптерден тазартылды. Бұл игі бастама елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты.

Аталған сенбілікке “Ауыл” партиясының Мақтаарал ауданы бойынша аумақтық ұйымның төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы, “Бірлік” бастауыш партия ұйымының төрағасы Асқар Елшеев және партия белсенділері белсене қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті.

Мұндай шаралар ауыл тұрғындарын бірлікке шақырып, туған жерге деген жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.

Жаңадан бой көтерген заманауи аквапарк ел игілігіне берілді
Футболдан және шахматтан дәстүрлі турнир ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу