Футболдан және шахматтан дәстүрлі турнир ұйымдастырылды

Бүгін Түлкібас ауданының орталық стадионында Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты азамат, ел ағасы Қасымбеков Нұрлыбай Тұңғышбайұлын еске алуға арналған футболдан және шахматтан дәстүрлі турнир ұйымдастырылуда. Тағылымы мол спорттық шараға аудан тұрғындары мен жастар белсенді қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Аталған іс-шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы арнайы қатысып, барша қатысушыларды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Өз сөзінде батыр бабалардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, турнирге қатысушы жастарға сәттілік тілеп, мұндай тағылымды әрі спорттық іс-шаралардың өскелең ұрпаққа берері мол екенін жеткізді.


