Жаңадан бой көтерген заманауи аквапарк ел игілігіне берілді

Oinet.kz 04-06-2026

Screenshot_29.jpg

Бүгін Сайрам ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тағылымды іс-шара өтті. Мереке аясында жаңадан бой көтерген заманауи аквапарк ел игілігіне беріліп, оның салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Аталған шараға Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлы арнайы қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтап, нысанның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аквапарктың лентасын қиып, ресми түрде ашылуын жариялады.

Іс-шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы да қатысып, тұрғындармен бірге мерекелік көңіл-күйді бөлісті.

Бұл нысан аудан тұрғындары үшін демалыс пен салауатты өмір салтын дамытуға үлкен мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі болып табылады.

«Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Отан қорғаушылар күніне орай сенбілік ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу