«Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
3–7 маусым аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті жазғы демалыс кезеңінде балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алуға бағытталған «Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Осы күндері полиция қызметкерлері балалар алаңдарының, саябақтардың және балалар көп жиналатын өзге де орындардың маңында Жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтеді. Жас жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне, жылдамдық режимін сақтауға және балаларды тасымалдау қағидаларына ерекше назар аударылады.
Құрметті жүргізушілер! Жолда аса мұқият болыңыздар, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және тұрғын аймақтардың алдында жылдамдықты төмендетіңіздер.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға көшеде және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын еске салыңыздар.
Балалардың қауіпсіздігі — бәрімізге ортақ міндет!
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы


