«Мақсатым – әкемді түрмеге қамату»: Маңғыстаулық жігіт полицейлердің шара қолданбағанына наразы
Маңғыстау облысына қарасты Мұнайлы ауданында жігіт анасын әкесі ұрып тастағанын және жергілікті құзырлы орган мүлдем шара қолданбай жатқанын айтты. Амалы таусылған бозбала халықтан көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Instagrаm желісіндегі Abdulla_kz парақшасында маңғыстаулық азамат өзі басқа қалада жүргенінде әкесі анасын аяусыз ұрып тастағанын айтты.
"Әкем ішіп алып анамды түн ортасында қуалап сабап, мүгедек қылуға дейін апарған. Бала кезімде мені аямай ұрып, психологиялық соққы жасаған. Бала үшін анадан артық адам жоқ. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ. Мұндай әкенің барынан жоғы. Бала күнімде анам екеуімізді кезек-кезегімен ұрып, төмпештейтін. Жасы елуге келсе де, анамды ұруын тоқтатар емес. Әкем лайық жазасын алса екен. Полицияға тапсырғанымызбен екі сағаттан кейін, ешнәрсе болмаған сияқты босатып жібереді", – деп ағынан жарылды жігіт.
Видеокадрда ол Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынының полициясына арыз жазып жатқанын, алайда олардың адамды ұрып-соққаны үшін соттамайтынын айтып қынжылды.
"Адамды ұрып-соққанда жарақаты қаншалықты ауыр болады. Сол кезде ғана жазасы қатты болады. Ал жай ұрса, жазасы да жеңіл болады екен. Мені осылай деп шығарып салды. Мұнайлы ауданының соты ешқандай жұмыс істемейді", – деді ол.
Өзегін өкініш өртеген жігіт басқа қалаға қайта жұмысқа кетіп қалса, әкесінің анасына бұл жолы қол салатынын да біліп отыр.
Қарағандылық әйелді балаларының көзінше өлтіріп кеткен: Полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды
Ақтауда әйелін балаларының көзінше ұрған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
"Қазір жұмысыммен басқа қалаға кетіп қалсам, анамды ұрып, өлтіріп тастай ма деп қорқамын. Мақсатым – әкемді түрмеге қамату. Себебі ол лайық жазасын алуы керек. Мұндай тирандарды қоғамнан ажырату қажет. Ол бізбен ғана көшеде кетіп бара жатқандармен де, көршілерімізбен де қырылған. Анамды түнде тұншықтырып, өлтіріп тастауға дейін барды. Таңертең әкем ешнәрсе білмеймін, есімді білмеймін деп кешірім сұрап отыр", – деп түсіндеді жас жігіт.
Еске салайық, былтыр Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Айтбаев Нұрлан Рахымжанұлы әйелін 8 келі гантельмен ұрып талдырған Арман Байтековке қатысты үкім шыққанын жаздық. Ол Қылмыстық кодексінің 24-3, 99-1-баптары бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.