Гүлзира Айдарбекова тұңғыш келінін туған күнімен ерекше құттықтады
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың 34 жасқа толғанымен құттықтады. Ол келініне жүрекжарды тілегін жырдан шашу шашып Instagram парақшасында жеткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Туған күнің құтты болсын шаттығың,
Болмасыншы ешбір жанға жаттығың.
Арыңа құй адалдықтың ақтығын,
Жаныңа құй жас сәбидің пәктігін!
Туған күнің құтты болсын Жұлдызым! Алла бақ берсін, - деп жазды продюсер.