Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Oinet.kz 13-01-2022 566

Screenshot_2.jpg

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 13 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 140 МВт құрайды және жұмыста № 2,3 - қазандық және № 1,2 - турбина. 

Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

«Халыққа оқ атпауды бұйырды» Генерал Сүлейменов өзіне қол жұмсады
Елдіктің белгісін отаншылдық тірлігіміз көрсетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу