Құқықбұзушылық анықталды

Oinet.kz 14-09-2021 383

 ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  2021 жылдың маусым айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №44445958 «Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үй ауласын жайластыру  ( №14 аула алаңы ,Абай даңғылы №1,3,3А,5,8)» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған. 

Түркістан облысы облысы бойынша  

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  

жетекші маманы А.Атымтаев  

Анықталған құқықбұзушылықтар негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда
Камералық бақылау нәтижесін берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу