Камералық бақылау нәтижесін берді
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың маусым айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №44783893 «Демалысқа арналған үй/базалар/лагерь қызметтері» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
жетекші маманы А.Атымтаев