Анықталған құқықбұзушылықтар негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда

Oinet.kz 14-09-2021 374

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан  "Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың мамыр айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5829733-1 «Услуги по санаторно-курортному лечению/лечебно-оздоровительного отдыха» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған. 

Түркістан облысы облысы бойынша  

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  

бас маманы  А.Адилханов

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде
Құқықбұзушылық анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу