«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 14-09-2021 389

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың мамыр айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған  №5761732-2 «Жылy жүйecі apқылы жылытылaтын қaзaндықтapды қыcымдayдaн өткізy және жуу» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған. 

Түркістан облысы облысы бойынша  

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  

бас маманы  А.Адилханов

Мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді
Анықталған құқықбұзушылықтар негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу