Мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар.
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Ордабасы ауданы әкімдігінің "Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың маусым айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5927511-2 «Установка сети Вл-0,4 ведущий к теплице в н/п.Шубарсу Ордабасинского района Туркестанской области» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Ордабасы ауданы әкімдігінің "Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Мақтаарал ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы А.Адилханов