Үйлестіру кеңесі өтті

Oinet.kz 12-05-2021 660

Screenshot_17.jpg

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі, Татуластыру орталығының басшысы қатысты. Күн тәртібінде 2021 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы кезде атқарылатын міндеттер толыққанды талқыланды. Сондай-ақ, Заң клиникасының жұмысын жолға қою бойынша кеңінен ақпарат берілді.

Бауыржан Ілімшеұлы алдымен, өткізілген кездесулер, іс-шараларды баяндады. Жалпы 2021 1-тоқсанында 78 іс-шара өткізілген. Оның ішінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы шеңберінде – 21 кездесу, үш жақты комиссия отырысы 4 рет өткізілген.

Кәсіподақтың ең негізігі жұмысы – бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу және оған мүшелікке тарту.

Осыған байланысты салалық кәсіподақтар тарапынан жыл басынан бері 17 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашып, оларға 2174 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.

1-тоқсанда 6 кәсіпорында 111 жұмыскерге 18,3 млн.теңге жалақы қарызы қордаланып отыр. 

Оның ішінде: 

- 5 жұмыскерге 0,5 млн. теңге - «SAUDAINVEST» ЖШС; 

- 14 жұмыскерге 1,5 млн. теңге - «Euromed Center»  ЖШС; 

- 4 жұмыскерге 0,3 млн. теңге - «Heart Clinic»  ЖШС; 

- 1 жұмыскерге 0,24 млн.теңге - «Дархан Group» ЖШС;

- 66 жұмыскерге 12.5 млн.теңге - «Уеrkan Construction» ЖШС;

- 21 жұмыскерге 3,35 млн.теңге - «Рахима Бегим» ЖШС.

Айта кетейік, аталған жалақы қарыздары бар мекемелерде кәсіподақ ұйымдары жоқ.

Кәсіпорындарда орын алған жазатайым оқиғалары бойынша 4 айда, яғни қаңтар-сәуір айларында 14 адам зардап шеккен, оның ішінде 1 адам қайтыс болған. Жазатайым оқиғалары орын алған мекемелерде кәсіподақ ұйымы құрылмаған.

Сонымен қатар, Татуласы орталығында 2021 жылы жалпы саны 78 адамға тегін кеңес беріліп, 54 келісім жасалған, оның 32-сі еңбек және 30-ы әлеуметтік даулар. 

Олардың ішінде, оң шешімін тапқандары – 54, бітімгершілікпен сәтті аяқталғаны 19, құқықтық кеңес алғаны – 18, психологиялық көмек алғаны – 17. 

Еңбек дауының басым көпшілігі айлық жалақыны уақытында алмауы, жұмыстан шығару бойынша бұйрықпен келіспеуі себеп болып отыр. 

Атқарылған осынау шаралар қорытылған жиында алдағы уақытта атқарылатын шаралардың жоспары да пысықталды. Жұмысшы мәртебесін көтеріп,  еңбеккердің құқын қорғайтын кәсіподақтардың атқарар шаруасы айтарлықтай. 

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

"Мейірбике ісінің үздігі" кәсіптік сайысы өтті
«Мектепке әскери күзет керек» - Мәжіліс депутаты Маминге сауал жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу