«Ораза ұстап, ай бойы сусыз жүру - коронавирус жұқтыру қаупін арттырады» - маман

Oinet.kz 14-04-2021 972

Ораза коронавирус жұқтыруымызға әсер ете ме? Бұл сұраққа медицина саласының мәселесін көтеріп жүрген маман Серік Мұратхан Facebook парақшасында жауап берді.

Ораза.jpg

«Эпидемиологиялық жағдай барған сайын күшейіп барады. Бұл биылғы жағдай өткен жылғы карантин мезгілмен ұқсамайды. «Адам үш күннен соң көрге де үйренеді!» дегендей жұрт бәріне үйреніп барады. Соның ішінде өлімге де...

Ковид-19 адамға қалай әсер етеді?

Осы жайлы өткен жылы ондаған пост жаздым. Енді биыл оны қайталап отырғым келмейді. Бірақ төмендегі бірнеше жағдайды қайталап еске салғым келеді.

Бірінші: «Пневмониядан өлді!» - деп жүргендер сол ковид-19 ден өлген адамдар. Дүниежүзінде Қазақстаннан басқа ел арнаулы бөлек статусы бар эпидемиология жариялаған жоқ. Ковид-19 қандағы қызыл қан клеткаға шабуыл жасап, адам денесінде оттегі тасымалдауға кедергі жасап, оттегі тапшылығын тудырады. Соған адам организмі қарсы күрес жасап, оттегі жетіспеушілігін еңсеру үшін қанда лейкоциты көбейеді. Қан шамадан тыс қоюлана бастайды. Ал өкпедегі оттегін өкпе бетіндегі ұқсақ капилляр арқылы сіңіріп, оттегі алатын жүйе, қан қоюлану кесірінен өкпе бетіндегі ұқсақ капиллярда қан ұйып айналыс тоқтайды. Осы кезде адамдарда тұншығу, ентігу пайда болады. Ми оттегі жетіспеушілігін еңсеру үшін үсті-үстінде команда береді...

Сол кезде адам одан әрі қарай күшпен тыныс ала бастайды. Алайда оттегі тасымалдау капилляр қан тамырында айналыс жоқ болғандықтан одан әрі қарай қиындайды. Осы кезде оған көмек беру үшін дәрігер науқастарға аппарат ИВЛ қосып, оттегі концентрациясын көбейтуге тырсады... Айналайын-ау, 100% оттегімен тыныс алып, жасанды желдету аппараттарымен желдеп жатсаң да тұншыға бересің. Өйткені өкпедегі ұсақ капилляр қан тамырлар істен шықса, өкпеңе оттегі барғаны не керек? Аяғында оттегі жетпей өлесің сарғайып...», - дейді медицина саласының маманы Серік Мұратхан. 

Маманның айтуынша, пневмонияның әсіресе қаны қою адамдар үшін қауіпті болып отыр.

- «Екінші, су аз тұтыну, қан майласу, қанның құрамында сахар яғни қант көп болуы,(сахарный диабет), бүйрек жеткіліксіздік ауруы бәрі-бәрі қауіпті зонада тұрған адамдар. Өйткені бұларда қан қою. Қан қоюлық ол аяғы жоғары бірінші айтқан жағдайға алып келеді. Жоғарғы бірінші жағдай туындағанда жүрегінде қиындық бар адамдар алдымен кетеді. Мида өте ұсақ қан тамырлар орналасқан. Ковидсыз-ақ көп қазақ миына қан құюдан кетеді. Ковид оны тіпті тездете түседі...

Үшінші, көктем - иммунитет азайып, әртүрлі маусымдық жұқпалы аурулар көбейетін шақ. Қазақстан көптеген жерінде құрғақ, аңызғақ жел болады. Адамның өзі тер арқылы көп сусызданады... Осындай вирус тарап жатқан кезде, жане ол вирус қан қоюланған жағдайда қауіпті болып тұрған кезде ораза ұстап, ай бойы сусызданып, қанды қоюлату -  ковид-19 жұқтырып алу қаупін күшейтеді. Ол кезде саған ешкім көмектеспейді», - деп атап өткен жазба авторы.

Соңғы тәулікте 2229 адамнан коронавирус анықталды
Аймағамбетов өзінен араша сұраған жігіттің мәселесін шешіп берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу