Көп тілегі орындалар күн жақын
Ел ішінде "Қарамұрттың Төлебиге алып баратын жолы" атанып кеткен Сайрам ауданы мен Төлеби ауданын қосатын "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ" КХ-3 автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары басталды.
22 шақырымға созылып жатқан Ақбұлақ, Қарамұрт ауылдарын қиып өтетін облыстық маңызы бар жолдың Ақсукент ауылына дейінгі бөлігін орташа жөндеу үшін облыстық бюджеттен биыл 983,0 млн теңге қаралды.
Жол құрылысына "СИТИ-строй" ЖШС мердігер мекемесі жауапты. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
#жолқұрылысы #инфрақұрылым