Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа ащы шындық айтылған Үндеу жолдады

Oinet.kz 10-07-2020 70194

Айтыскер ақын, "Айдың нұры" қорының жетекшісі Айнұр Тұрсынбаева Қазақстан президенті мен денсаулық сақтау министріне, қорғаныс министріне үндеу жолдады. 

image.png

- "Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемел ұлына!  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға! Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа! Қазақтың даласы қан сасып тұр. Адамдар шыбынша қырылып жатыр. Адамдар өз ажалынан емес, дәрінің жоқтығынан, жағдайдың жоқтығынан, апараттардың жоқтығынан, ауруханаларда орындардың жоқтығынан өліп жатқанын мойындауымыз керек! Қазаққа қастандық жасалды! Осы жағдай жүрегімізге батқан соң біз қоғам белсенділері қосылып халықтан ақша жинадық!

Ақшаны жинап Түркия мемлекетінен 125 апаратты сатып алдық! Бұл апараттар Қазақстанда 500-800 мың көлемінде сатылып та жатыр. Халықтың ондай қымбат апарат алатын жағдайы жоқ екенін менсіз де білетін шығарсыздар деп ойлаймын! Елшіліктің көмегімен шекара шығынынан да құтылғандай болып едік.. Бірақ 125 апаратты, яғни 2 тонна жүкті тұтас жіберетін мүмкіндік жоқ екен!!! Ендігі жанайқайымыз мынау! Біздің тірнектеп жинап алған апараттарымызды Қазақстанға барған соң СК "ФАРМАЦЕВТИКА" деген мекеме қабылдап алады екен", - деп жазды парақшасында.

Айтыскер аталған мекемеге сенбестік танытты. Сол себепті аппараттарды тарату мәселесін өздеріне қолдыруды сұрайды. Сондай-ақ екі аптаның ішінде 500 аппарат алып, үлестіруді жоспарлап отыр.

- "Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр! Себеп: осы уақытқа дейін шет елдерден келіп жатқан көмектердің жоқ болып кетуі! Сондықтан осы апараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жібертсе тұтас апаруға болады! Бізге әр минут қымбат! Әр адам қымбат! Әр аппарат қымбат! Әр тиын қымбат! Мен Түркия мемлекетіндегі бір зауытпен сөйлесіп 2 аптада 500 апарат алатын болып келісім-шарт жасамақшы едім. Зауыт келісімін берді! Ең арзан бағаға! Егер қоғам белсенділеріне апараттарды Қазақстанға жеткізуге көмектесіп, таратуға мүмкіндік берсеңіздер 2 аптаның ішінде 500 апараттың ақшасын жинап береміз. Бар мүмкіндікті пайдаланып қалайық. Достар, маған сіздердің қолдауларыңыз керек. Менің шыдамым таусылып барады", - деді айтыскер.

Тоқаев: «Халық мұны жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді»
Инфекциялық аурухананың бас дәрігері пневмониядан көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу