Түркістан облысында әкімшілік ғимараттар «Open space» үлгісінде жұмыс істеуде

Oinet.kz 29-10-2019 1007

Screenshot_3.jpg

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасы негізінде,  «Ашық Түркістан» жобасы шеңберінде  Келес ауданы Жүзімдік және Ақтөбе  ауылдық округі әкімі аппараттарының ғимараты  «Open Space» жобасында жұмыс істеуге көшті. 

Тиісінше ауыл әкімінің бөлмесі бірінші қабатта орналасқан әрі қабырғасы  шыны әйнектен жасалған.

Яғни, бұл формат арқылы жергілікті тұрғындар әкім және оның қызметкерлерімен ашық түрде  еркін  байланыста бола алады. 

Алдағы уақытта  аталған «Open Space» үлгісіне ауданның барлық ауылдық  округ  әкімдіктері  көшетін болады.

Қазіргі таңда  Бірлесу ауылдық округінде аталған форматқа өту бойынша  бірқатар  жұмыстар атқарылуда.

Аталған  ғимаратта «Nur Otan» партиясы филиалы мен ардагерлер кеңесі орналасатын болады. Осылайша Келес ауданының ауылдық округ әкімдіктері халыққа қолайлы,  «Бір терезе» қағидасы форматында жұмыс жасайтын болады.

Денсаулық сақтау саласындағы парасаттылық және адалдық
Президент азық-түлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу