Мақта терім науқаны басталғалы жатыр

Oinet.kz 12-09-2019 703

69789294_365070514426715_675095853077102592_o.jpg

Енді бірер күнде мақталы аудандарда жиын-терім науқаны басталады. Қазір осыған байланысты науқанға дайындық бойынша жиындар, шаруаларға түсіндіру  жұмыстары жүргізілуде. Жетісай ауданы Қарақай ауылдық огкругіне қарасты «Кетебай» өндірістік кооперативінің егістік алқабында, мақтаның жиын-терім науқанын уақытылы өткізу бойынша (дефолиация, субсидия, мақта терім комбайындарының дайындығы) жайында жиын болып өтті. Бұл туралы жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға аудан әкімі Жамантай Қанайұлы, аудандық маслихаттың хатшысы Алихан Утанов, облыстық маслихаттың депутаты Сәду Бекенов, қала, кент және ауыл әкімдері,мақта шаруа қожалығының төрағалары,мақта өңдеу зауыттарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның мақсаты – күзгі мақта терім науқанына дайындық жұмыстарын пысықтап, тиімді әрі нәтижелі етіп аяқтау. Сондай-ақ, мақта қабылдау бекеттері мен мақта зауыттарындағы зертханалық жұмыстарды күшейту. Шарада мақта бағасының тұрақты әрі шаруаларға тиімді болуын қамтамасыз ету мәселесі, жиын-терім жұмыстарына қажетті техникалардың дайындығы, мақтаны қурату арқылы өнімді ертерек жинап алу төңірегінде әңгіме қозғалды.
Семинарда сөз алған аудан әкімі мақта қабылдау бекеттеріндегі таразылардың дұрыстығын бақылау қажеттігін және техникалық қауіпсіздік шараларына аса мән беру қажеттігіне тоқталды.
«Биыл мақтаның кеш егілуіне байланысты дефолиация шараларын жасауды ертерек қолға алу керекпіз, одан кейін әрбір шаруа субсидия алуы үшін терген өнімін тек арнайы мақта зауыттарына өткізуі керек, сол кезде ғана тоннасына 12 мың теңгеден субсидия алуға болады. Елдегі шаруаларға осы ақпаратты жеткізуді жеделдету керекпіз, себебі 1 теңге болса да пайдасын шаруа көруі керек және зауыт басшылары да өз тарапынан шаруаларға жағдай жасауды қолға алуы тиіс» деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.
Жиында сөз алған мақта зауытының басшылары алдағы жиын-терім науқанына мақта қабылдау бекеттерінің дайын екендігін, шаруаларға алдын-ала мақта теруі үшін 150 миллион теңгеге жуық қаражат берілгендігін айтты. Сонымен қатар мақта зауытының басшылары мақта бағасының Ливерпульдегі биржаға байланысты болатынын дәл қазіргі уақытта нақты бағасының шықпағанын атап өтті.
Химиялық препаратты тасымалдаушы кәсіпкерлер, қай уақытта қандай препаратты қолдануға керектігін, сатып алар кезде химиялық препараттың сапалы екендігіне қалай көз жеткізуге болатынын, оны сапасыз өнім сатумен айналысатын алыпсатарлардан емес арнайы тасымалдаушы компаниялардан алуға шақырды.

 



Кәсіпкерлермен кездесу еркін форматта өтті
55 жылдыққа 55 игі іс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу