Енді қыз алып қашқан жігіттер аса ауыр жазаланады
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Қыз алып қашу ісі адам ұрлауға жататындықтан, қатаң түрде жазаланатынын айтты. Адам ұрлау қылмысы үшін Қылмыстық кодекс бойынша Қазақстанда төрт жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы бар екендігін алға тартты.
«Енді, ондай жағдайлар әртүрлі болады ғой. Егер қызды зорлап, алып қашып жатса, ол адам ұрлау қылмысы болып саналады. Осы қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ондайда ешқандай татуласу болмайды. Енді, өмір болғасын, әртүрлі жағдай болады, адамның әрекетіне қарай құқықтық баға беріледі», – деді Ахметжанов.