Сиыр жылын қалай қарсы алу керек?

6dcf7d00b9c3.jpg

Тілектеріміз орындалып, жоспарымыз жүзеге асып, сәттілік бізден бір сәтке де теріс айналып кетпес үшін «жыл иесін» қалай қарсы алуымыз керек?

Сиыр жылын үйде отбасыңызбен дастарқан басында немесе жақсы бір мейрамханада ең жақын адамдарыңызбен бірге қарсы алғаныңыз дұрыс. Жаңа жылдық демалыс кезінде жолға шығып, мерекені шетелде қарсы алуды Сиыр мүлде қолдамайды. Есіңізде болсын: Сиыр тек өз Отанында жетістікке жеткісі келетін жандарды жақсы көреді. Сырттай қарағанда, Сиыр өте салқынқанды болып көрінеді. Алайда, іштей ол романтиканы сүйеді. Жаны жаңалыққа және тосын сыйлықтарға құмар. Ендеше, жаңажылдық мерекені ұйымдастыруға бас қатырудың қажеті жоқ – жақындарыңызға күтпеген сый жасап, көңілді ұтыс ойындарын жасасаңыз болғаны. Дастарқан басында болашақ жайында әңгіме қозғауға кеңес береміз: алдағы жылға құрған жоспарларыңыз, қалай жұмыс жасап, қалай демалатыныңыз, қайда сапар шегетініңіз жөнінде сыр бөлісуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жыл басында-ақ болашаққа жол салып алғаныңыз дұрыс. Бірақ, бір істі бастамас бұрын жасайтын қадамдарыңызды алдын-ала ойластырып алған абзал. 

«Жыл иесіне» жағу үшін тек ойларыңызды ғана емес, үй ішін де ретке келтіріп алыңыз. Әсіресе, әйнек-терезелер, есіктер мен құлыптар, бейне және аудиоаппаратуралардың таза болуына мән беріңіз. 

Сондай-ақ, 2009 жылды тірі шыршамен қарсы алған жөн, өйткені, қылқанның иісі Сиырдың көңіл-күйін көтереді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: