Арпаның сан түрлі қасиеті

0_1548399824.5643.jpg

Адам денсаулығын жақсартуда арпаның пайдасы өте зор. Себебі арпаның құрамында «лизин» деп аталатын амин қышқылы бар. Бұл терінің тығыздығының тегістігін сақтауға, яғни әжімнің алдын алуға әсер етеді. Сондықтан, ғалымдар арпаны «жастықтың дақылы» деп атайтын көрінеді.



Лизиннің бірқатар вирустарға қарсы күресе алатын күші бар және ол жүрек жұмысын қалыпқа келтіруге де көмектеседі. Қазір түрллі аллергиялық аурулардан зардап шегушілердің қатары өте көп. Ал арпаны күнделікті тағам ретінде пайдаланған жағдайда аллергиялық дерттерге ұшыраудан аулақ боласыз.

Арпаның құрамында бактерияға қарсы тұратын «гордецин» деп аталатын зат бар. Ал ең басты есте сақтайтын жәйт - арпа дәні дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Оның құрамындағы В дәрумені - жүйке жүйесінің жұмысына, шаш пен терінің әсемдігіне зор әсерін тигізеді. Ал А дәрумені тобы көздің көру қабілетін жақсартады.Д дәрумендер тобы сүйек пен тістің мықтылығын қамтамасыз етеді. Ең бастысы арпаның құрамындағы Е дәрумені тобының жасөспірім балалардың ағзаларының дұрыс жетілуі үшін пайдасы зор.

Оның құрамынан калий, кальций, темір, мырыш, йод табылған. Ал құрамындағы фосфор ағзадағы зат алмасу процесінің, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін реттеп, бүйрек ауруларын емдеуге бірден-бір көмекші болады.

Денеңіз сымбатты әрі сұлу болсын десеңіз немесе артық салмақтан арылғыңыз келсе, арпаның көмегіне жүгініңіз.

Құрамындағы клетчатка мөлшеріне байланысты арпа белогы бидай белогынан әлдеқайда құнды болып табылады. Клетчатка - ағзадан зиянды қалдықтарды неғұрлым көбірек бөліп шығаруға әсері бар белсенді зат. Оның ағзада май жиналмауына да үлкен септігі бар. Яғни, бір сөзбен айтқанда, құрамындағы клетчатка мөлшері арпаны артық салмақтың «жауы» етеді. Сондықтан да диетологтар семіздіктен зардап шегіп отырған жандарға арпаны күнделікті пайдалануға кеңес береді.

Осының бәрі - арпа жөніндегі бүгінгі ғалымдардың пікірі болса, ал бұрынғылардың пікірін жоғарыда аталған Омар һаямның «Наурызнама» еңбегінен кеңірек білуге болады: «Бәрінен де бұрын арпа дәрілікке де, емдікке де жарайды. Әдетте даналар мен дәруіштер арпамен күн көреді. Білетіндердің айтуына қарағанда, оны жегенде қан ешқашан бұзылмайды және денеден арам қан алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, ол қан және запыран ауруларының алдын алады. Ирак тәуіптері оны «ғажап құтты дән» дейді. Ол - күйік, безгек, жөтел, өкпе, сүйек, буын секілді жұқпалы ауруларға, сондай-ақ, бас, көкірек, мықын, бауыр мен асқазан, сүйек сынығы, күйік, буын сырқырауы сияқты ауруларға өте пайдалы.

Арпа сұйығы сары қышыманы, бидай сұйығы қара қышыманы емдейді. Егер арпа кебегін қазанға салып жақсылап қайнатса, бұл аяқ сүйегі әлсіз, немесе аяғымен тік тұра алмайтындарға өте пайдалы. Егер бір адамның аяғы не тізесінде жарақат болса, аяғын арпа суына салсын. Сонда ол жазылып кетеді».

Бұрынғылар, сондай-ақ, бас терісіне арпа жағып, орамалмен таңып қойса, шаштың ұзын болып өсуіне септігі тиеді деп есептеген. Ал парсы диқандары жылдың жақсы не жаман болатынына нақ осы арпаға қарап болжам жасаған: егер арпа тік, қалың шықса - молшылық күтіп қуана беруге болады, ал қисық шықса - қиындық күту керек.

Түркі, парсы халықтары Наурыз күні жасалатын көжеге міндетті түрде арпа дәнін қосқан. «Жыл басында арпа суына тойған адам келесі жылға дейін ауырмайды, қуатты болады» - деп сенген. Ал, орыс жұртында арпа ботқасы - патша үстеліне қойылатын тағам саналған. Арпа ботқасын сүтке ғана емес, ет немесе көкөністерді мол етіп қосып әзірлеуге де болады. Сонымен қатар, балаларыңыз ішіп жүрген түрлі зиянды сусындарды әжелеріміздің тәсілімен әзірленген арпа көжемен алмастыра алсаңыз, бұл олардың денсаулығы үшін өте пайдалы болар еді дегіміз келеді.

 

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: