Баланы дәретке отырғызып үйрету ананың әркез шыдамдылық танытып, мұқият болуын қажет етеді. Сондай-ақ, баланың қылықтарын дұрыстап бақылап, дәретке барғысы келген уақытын аңғарып отыру керектігі тағы бар.
Баланы дәретке отырғузуға ең қолайлы уақыт-20-шы айдан кейін болып табылады. Дәл осы кезеңде бала бәрін түсіне бастайды, дегенмен, дәретке отырғызуда белгілі нәтиже болмаса оны аса қинаудың қажеті жоқ. Яғни, 1 жастан асқанын күтіңіз.
1 жасқа дейінгі баладағы нәжістің шығатын уақытын анасы аңғармай да қалуы мүмкін. Ал, кейбір балалар тамақтанғаннан кейін бірнеше минут өткен соң немесе 10-15 минуттан кейін нәжіс шығарады. Кейбір балалар күніне бірнеше рет әр түрлі уақытта нәжіс шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың өз дайындығынсыз оны дәретке отырғызу қиындайды.
Баланың қай уақытта дәретке барғысы келетінін зерделеп алыңыз. Мұндай уақытта сіздің ақылды болғаныңыз жөн. Бала барлығын түсіне бастағанымен, ұзағынан дәрет алу ыдысына отырғызып көп қинап қажеті жоқ, бала ыдысын көрген сайын оған деген кері ықыласы туындауы мүмкін. Сонымен қатар, дәрет ыдысына қағаздар салып, осы отырысының өзін ойынға айналдырыңыз! Дәретке отырып болғаннан кейін шыққан нәтижені көрсетіңіз, мәз болсын. Үйретіңіз, ұғындырыңыз! Әр дәретке отырғаны үшін мақтаңыз, ал барғысы келген уақытында айтуына дағдыландырыңыз!
Осы тұрғыда баланы дәрет ыдысына үйретудің тағы бір тәсілі өзге балалардың дәретке отыруы. Мәселен, үйдегі апа-ағалары немесе кішкентай туысқандары. Олардың үнемі барып отырғандығын көріп баланың да қызығушылығы артуы мүмкін. Қашандай кішкентай балалар алдындағылардың ісіне қарап өсетіні белгілі, мұны да қайталап жасайтыны анық.
Кейде бала киімін бүлдіріп, еденге де дәрет сындыруы мүмкін. Не де болса, ананың шыдамдылық танытып, сабырлы болғаны дұрыс.
Есіңізде болсын, балаңызды ұялтып, оны кінәләмаңыз. Бастысы, қызықтыра біліп, дәретке отырудың пайдасын ұғындыра білсеңіз болғаны.
Дереккөз : anabol.kz