Бала тұмау болмауы үшін кәмпит беріңіз

0_1545382785.4714.jpg

Балаңыз тұмауратып қалса, дәрі ішуден бас тартып, қиғылық салып, мазасы кетуі мүмкін. Оның үстіне, балаға кішкентай кезінен бастап дәрі-дәрмек беру ағзасына зиян келтіреді. Тұмауды дәрісіз де жазуға болады. Ал біз балаларға арнап, тұмауды қайтаратын кәмпит дайындау жолын ұсынамыз.
 

Құрамы: 
— 250-300 гр бал;
— ұнтақталған жанжабіл.

 Бал мен жанжабілді жақсылап араластырып, баяу отта 1,5-2 сағат қайнатамыз. Қайнап жатқан қоспаны дайын болғанша араластырып тұрыңыз. Дайын қоспаны тегіс ыдысқа құйып суытып, болған соң кесектерге сындырып алсаңыз болады. Немесе үйіңізде кәмпит дайындауға, мұз қатыруға арналған силикон ыдыстар болса, кәмпитті жеңіл алу үшін ыдыстарға өсімдік майын жағып, қоспаны құйып шығыңыз. Суыған соң, дайын кәмпиттерді ыдыстардан түсіріп аласыз.
 
 Қоспаға жарты шай қасық лимон шырынын құйсаңыз да болады. Баланы қызықтыру үшін таяқшасы бар кәмпиттер дайындаңыз. Балаңызға күніне 2-3 кәмпиттен берсеңіз, қалай сауығып кеткенін байқамай қаласыз. Ең бастысы, қолдан әзірлеген соң, құрамында зиянды қоспа мен бояу жоқ екеніне күмән келтірмейсіз.

 

 

Дереккөз: reactor.inform.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: