Барлық дертке дауа — итмұрын (шиповник)

0_1545629071.0811.jpg

Демделіп шәй орнына тұтынылып жүрген итмұрын өсімдігін, құрамындағы витаминдер қорымен шипа бұлағы десе де болады. 100 гр итмұрында 500-1700 миллиграм арасында С витамині болады. Сонымен қатар итмұрында А, В1, B2, K, P витаминдерімен протеин, минералдар, калий, натрий, кальций, магний, фосфор, жеміс қышқылдары және шекер бар. Сүйегінде ванилин бар.

 Итмұрын жұқпалы ауруларға және суық тиюге қарсы, дененің иммунитетін күшейтіп, жалпы әлсіздіктерге және шаршағанға қарсы да қолданылады. Қоректендіруші және күш беруші жеңіл іш айдаушы, нәжіс шығарушы қасиеттерімен іштің қатуы, өт, бүйрек және қуық мазалауында итмұрынның көмегі өте зор. Сонымен қатар бүйрек үсті бездерін жақсартып маңызды гармондардың қалыптасуына көмектеседі. Итмұрын жараны жазуда, қанды тазалауымен бірге бүйрек, нәжіс каналындағы тастарды, құмдарды, қан аралас нәжісте, суықтағанда, грипте, жатырдың қанауында, асқазан шаншуында, куйіктерде жараларда, майлы тағамдар жүрекке тиетін жағдайларда қолданылады. Қан көбейту, қан қысымын реттеу, дененің ауруларға қарсы төзімділігін арттыру секілді қасиеттері және геморой, қатерлі ісіктерде де пайдалары көп.
 
 Витамин қорына өте бай болған итмұрынға көздердің досы деп те айтылады. А витаминінің қараңғыда көре алмау және басқа да көз ақауларына көмегі өте зор. Безеу секілді кейбір тері ауруларының алдын алады, иммунитетті күшейтеді, қатерлі ісік ауруларына қарсы қорғаушы әсер береді. Ішіндегі В1 витамині қанның көбеюін, мидың функцияларының дамуын қамтамасыз етеді. Дұрыс өсуге, үйрену қабілетіне пайдалы әсерлері болған итмұрын денені қартаюдың және темекімен спирттік ішімдіктердің зиянды әсерлерінен қорғайды.

 Ішіндегі С витамині тіндердің қалыптасуын қамтамасыз етеді және иммунитетті күшейтеді.
 

 

Дереккөз: bilim-all.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: