1. Көкөністер.
Кальций, магний, калий секілді минералдар көкөністердің құрамында көптеп кездеседі. Әсіресе сүйекті қатайтатын жасыл жапырақты көкөністер. Олар: ақжелек, қырыққабат, т.б. Сонымен қатар салатқа қосылатын көкөністердің пайдасы мол. Сүйегіңіз қатты болғанын қаласаңыз, сәбіз, асқабақ және емен түйіршігін жеңіз. Көкөністерде кальцийдің көп екенін есіңізден шығармаңыз.
2. Ақуыз.
Ақуыз сүйектің иілгіштік қасиетін арттырып, сүйектің сынуына жол бермейді. Сондықтан құрамында ақуыз бар тағамдарды көбірек жеуге тырысыңыз.
3. Бульон
Бульонмен әзірленген тағамдар ағзаларыңызға пайдалы. Өйткені оның құрамында минералдар өте көп.
4. Астық өнімдері.
Қарабидай, күріш, арпа, арыс, сұлы, тары секілді астық өнімдерінің құрамында күрделі көмірсулар мен жасұнық және В тобындағы дәрумендер өте көп.
5. Микроэлементтерге бай тағамдар.
Балдыр әсіресе шығыс ас үйлерінде көп қолданылады. Олар минералдарға өте бай. Және остеопороз ауруынан сақтайды. Күнделікті жұмыс істеу үшін пайдалы йодтың құрамында да балдырлар бар. Сондықтан ол адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Және жаңғақтар мен дәндердің сіздің сүйегіңізді қатайтуға көмегі көп.
Дереккөз : anabol.kz