Шәй қалташасын тастамаудың 5 себебі

330-1476211522-52211df682.jpg

Қарапайым бір реттік қалта шәйін  көп ішеміз. Ішіп болғаннан кейін, оны тек қоқыс жәшігіне тастай салуға дағдыланғанбыз. Алайда, шәй қалташалары мұндайға лайықты емес. Оны қолданудың керемет тәсілдері бар.   Тұрмыста бұл керекті кеңес деп ойлаймын.

 

1. Бетіңізді жара басса, көгерсе, сызаттар, аздап қызарса, қабынса немесе жәндіктер шақса, шәй қалтасы арқылы білдірместей етіп қоюға болады. Сізге оны суық суда ұстап, 15 минут мазалаған жеріңізге қою керек. Шәйдің құрамында қабынуды, қызаруды, терлеуді басатын заттар бар. Бұл әдісті міндетті түрде пайдаланыңыз. Қара дақ, ұшық, көз айналасындағы ісіктер салқын компресс арқылы кетеді.


2. Қалта шәйін жақсылап кептіріңіз. Егер Сіз аяқ-киіміңізге шәй пакетін салып қойсаңыз, аяқ-киіміңіздегі жағымсыз иіс жоғалады. Артық ылғалды, жағымсыз иісті  өз бойына сіңдіріп  алады.  Осылай аяқ-киімді сақтап қойсаңыз, қыс мезгілінде артық иістен арылған аяқ киімді кие аласыз.

3. Лас ыдысты химиялық сұйықтық пайдаланбай қалай тап-таза етіп жууға болады? Түнге қарай ыдыс жуу орнына суды толтырып, ыдыстарды салып, сонда қалта шәйін салып қойыңыз. Таңертең май қалдықтары, лас ыдыстар тез жуылады.


4. Үйдегі ұсақ жәндіктер, өрмекшілер қалта шәйінің иісінен қорқады. Шәй қалтасын ұсақ жәндіктер бар жерге қойып қойыңыз. Ертесіне ол жерден оларды көрмейсіз.   

 5. Егер тоңазытқышқа қалта шәйін қойып қойсаңыз, ол жерден әдемі иіс аңқып тұрады. Шәй қалтасы өзіне жағымсыз иісті сіңдіріп, азығыңыз сақталып тұрған жерде дұрыс теңгерім сақтап отырады. 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: