Майлы дақтан арылыңыз

756-1476212881-b5c37e1cf0.jpg

Асүйде қолданатын сүлгілер (майлық, сулықтар) тез кірлеп, тіпті кейде жағымсыз иіс те шығып жатады. Ендеше, оларды қалай тазартуға, иістен қалай арылтуға болады?

Бұл сұрақтардың жауабын апа-әжелеріміз қолданған тәсілдерден қарап көрелік.

 

Майлы дақтар

  • Орта шелек суды пешке қойыңыз. Қайнаған уақытта 2 ас қасық құрғақ ағартқыш, 2 ас қасық сұйық май, 0,5 стакан кір жуғыш ұнтақ (порошок) салыңыз. Одан кейін шелекке кір асүй сүлгілері мен майлықтарды салып, отты өшіріңіз. Су суыған уақытта майлықтарды жуып алсаңыз болғаны.

  • Ал су қайнатқыңыз келмесе, майлықтарды кір сабынмен (72%) жақсылап сабындап, полиэтилен пакетке салып, ауа өтпестей етіп ауызын түйіңіз. Келесі күні пакетті ашып, майлықтарды жақсылап жуып, шайып алыңыз.

  • 3 литр суға 3 ас қасық ас содасымен сондай мөлшерде ыдыс жуатын сұйықтықты құйып, кірлеген майлықтарды сол суға салыпқойыңыз. 1 сағаттан кейін жуып аласыз.

  • Жылы суға аздаған сіркесуын қосып, майлықтарға 1 сағатқа салып қоюға болады. Белгіленген уақыттан кейін жуып аласыз.

 

Түрлі дақтар

  • Жеміс-жидектің шырынын шаш жуатын сусабын жақсы кетіреді. Ол үшін сусабынды дақ болған дерге жағып қойып, жылы сумен жуыңыз.

  • Мұсатырлы спирт (нашатырный спирт) пен суды 1:1 мөлшерде алып, қара шай мен кофеден қалған дақтың үстіне құйыңыз. Содан кейін оп-оңай жуып аласыз.

  • Майлықтағы түрлі дақтарды ас содасы да жақсы кетіреді. Ол үшін салқын суға 1 ас қасық ас содасын салып, майлықты сол суға біраз уақытқа (1 түнге қоюға да болады!) қойып қойыңыз. Одан кейін жуып аласыз. 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: