Күлкі күні – ең пайдалы мерекелердің бірі. Неге дейсіз ғой? Себебі, күлкі әртүрлі ауруларды емдеп қана қоймай, сондай-ақ... қызмет сатысымен жоғары көтерілуге көмектесе алады екен. Міне, тура сол себептен осы мақаланы күлкіге арнауды жөн көріп отырмыз.
Әрбір сегізінші бақытты болудың кілті көп күлуде деп есептейді екен. Психологтардың айтуынша, жағымды ұзақ күлкі жағымсыз көңіл-күйден арылып, күйзелістен құтқарудың бірден-бір себепшісі болады алады. Мамандар күніне кем дегенде 30 рет күлу керектігін айтады. Ал ер адамдардың 61%-ы көңілді, күліп жүретін қыз-келіншектер тартымдырақ деп есептейді екен.
Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартқыңыз келе ме? Американдық психолог Дорис Баззинидің пікірінше, ол үшін көңілді кештер өткізіп, қызықты сәттерді бірге көбірек өткізу керек. Оның айтуы бойынша, сіз онымен бірге күлген кезде араларыңызда қосымша байланыс орнатылады да, бір-бірлеріңізді жақсы түсіне бастайсыз. Ал өткен жағдайларды, қызықты оқиғаларды бірге еске алсаңыздар, бір-біріңізді бұрыннан танитындай күйде боласыздар. Бұл күлкі сияқты сіздердің қарым-қатынастарыңызды күшейте түседі.
Мамандар күлкінің денсаулыққа пайдалы екенін, сондай-ақ адамдардың ойлау жүйесін 57%-ға, еңбек қабілетін 54%-ға арттыратынына сенімді. Күніне 15 минут күлгеннің өзі жылына 2 келі майдың көзін құрта алады екен. Ал бір комедиялық фильмді немесе телебағдарламаны көру арқылы адам бір шақырымдық серуеннің орнын алмастыра алатын көрінеді. Ал 10 минуттық күлкінің өзі артериялық қысымды төмендету қасиеті бар екені де дәлелденген. Сондай-ақ күлкі жүрек-қантамыр ауруларына да ем бола алады. Себебі күніне 15 минут күлетін адамдардың қанайналым жүйесі жақсы жұмыс істеп, жүрек қағысы жақсара түседі.
Дереккөз : anabol.kz