Текті әйелдің көркі, әшекейі - ар-намысы мен абыройы, ал оның ең таңқаларлық, құрметке лайық қасиеті-көрегендігі, тәрбиелігі мен жарына деген адалдығы.
Ф.Гүллен.
Мен сұлумын деген сөзді, қашан айтқанымызда есімізде емес тіпті меніңде, тіпті сіздіңде.Сұлулықтың символы ол өзіңіз, және де сіздің сұлу мүсініңіз.Біз кейде сұлу жандарды көргенде, неткен сұлу жан еді немесе,ал мен түктеде сұлу емеспін деп өзіміздің көңіл-күйімізді өзіміз түсіреміз.Психологиялық жағынан алғанда ішкі жан дүниемізде өзімізге деген сенімсіздік пайда болады.Осы сенімсіздікті жеңіп,сұлулықтың жаңа беттерін ашуға шын жүрегіңізбен ниет жасаңыз.Онда мына айтылған кеңестерді біле жүріңіз,және есте сақтауға дағдыланыңыз.
Таң шуағы атқаннан бастап,қолыңызды жоғары көтеріп,үш мәрте Мен Сұлумын деп нық сеніммен айтқаныңыз жөн.Тек шын жүрегіңізбен сеніммен айтыңыз.
Киіну стиліне келгенде,ашық түсті киімдер киінгеніңіз жөн өйткені ашық түстер адам көзіне бірден түседі, және адамдарды бейжәй қалдырмайды.Сіз білесіз бе, ашық түсті киімдер адамды өзіне тартып қана қоймай, адамның жүрегіне ерекше жылулық сыйлайды.
Сіз кейде айнаға қараған кезде,өзіңіздің көзіңізге қарап,тамсанасыз ба? жоқ әлде жәй ғана,менен де әдемі көздер бар ғой деп,іштей күрсінетін боларсыз бірақ сіз ешқашанда олай ойламаңыз.
Киінгенде де бір киімді қайталап киінуге дағдыланбаңыз,өйткені жаныңыздағы адамдарға кері эмоцияңызды бересіз.Сіз білесіз бе, киімнің түсіде адамға ерекше көңіл-күй сыйлайтынын,жаныңыздағы қызметтестеріңіз де, сізге жақсы қарайтын болады,ендеше жүзеге асырып көріңіз өкініп қалмайсыз.
Адам күніне оннан астам жақсы сөз еститін болса оның өзіне деген сенімділігі артады,және күннен-күнге құлпыра түседі.Жаныңызда жұмыс істейтін адамдарға бейжәй қарамаңыз.Сіз білмейсізғой мүмкін көңіл -күйі болмай отырған шығар.Қал жағдайын сұрап тұрыңыз.
Әрдайым күліп жүріңіз. Таң ата бастаған сәттен бастап,күліп жүріңіз.Сіз мүмкін өзіңіздің әдемі күлкіңізбен ,өзіңіз іздеп жүрген ханзадаңызды жолықтырарсыз,жолым болмады деген сөзді адамдардың көзінше айтушы болмаңыз.Ең басты байлық ол сіздің денсаулығыңыз,сіз осыны ұмытпаңыз.
Сіз ең бастысы өзіңізді жақсы көруіңіз қажет,сіз сонда басқа жандарды да жақсы көре аласыз.Киім таңдағанда өзіңізге жарасымдысын,және денеңізге қонымдысын алыңыз.Киім таңдауға көңіл-күйіңіз болғанда барыңыз, әйтпесе сәтсіз болып қалуы әбден мүмкін.
Өзіңізді сүйіңіз және жан тыныштығын қалайтын боларсыз,ешнәрсеге жәй көзбен қарамаңыз.Сіз әдемісіз және ең сұлуысыз,әдемілік пен сезімталдық әйел жанының ең мықты қаруы,ол қарудың оғы ешқашанда таусылуға тиіс емес.Әдемілік пен сұлулық адам жанының хабаршысы, жан дүниесіде сондай сұлу болуы керек,екеуіде үйлесімді болуы қажет.Сырты бүтін. Іші түтін болса, оның несі сұлулық болмақ.Әрқашанда үйлесімді дүние оз орнын табатын болады.
Денеңізді барынша тік ұстап сеніммен жүріңіз,өйткені сіздің жүріс тұрысыңыздан бәрінде байқауға болады.Жан-жағыңызға көп жалтақтап қарай бермеңіз.Таңертең оянғанда міндетті түрде айнаға жуынғаннан кейін ғана қараңыз,өйткені таңертең оянғанда өз бейнеңіз ұнамай қалуы мүмкін.Айна сіздің түр әлпетіңіздің көмекшісі екенін білетін боларсыз ендеше,сынық айнаға мүлдем қарамаңыз.Айнаға көп қарай бермеңіз.
Сіз өте әдемісіз және сұлусыз!
Дайындаған:Педагог-психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Дереккөз : anabol.kz