Қажетті нәрселер:
2 апельсин;
1 лимон;
350 гр қант;
4 л қайнаған су;
Дайындау әдісі:
1) Апельсиндерді жақсылып жуып, қайнаған ыстық сумен шайып, таза сүлгімен сүртіп, 12 сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Бұл апельсиннің құрамындағы қышқыл дәмді жоюға көмектеседі.
2) Тоңазытқыштан шыққан апельсиндерді жібігенше бөлме температурасынды ұстау керек. Жұмсарған соң әрқайсысын 8 бөлікке бөліңіз.
3) Ет тартатын құралдың көмегімен апельсиндерді қабығымен қоса ұсақтатыңыз.
4) Ұсақталған апельсинге шамамен 1 л қайнаған суық су қосып, жақсылап араластырыңыз.
5) Пайда болған сусынға жарты немесе бір лимонның шырынын және қантты қосып, араластырыңыз. Қанттың орнына органикалық шырынды пайдалансаңыз болады.
6) Қоспаны таза құтыға сүзгіштің көмегімен сүзіп құйыңыз. Үстіне төрт литр қайнаған суық су қосып, араластырыңыз. Лимонад дайын!
Дайындаған:Айдос Айгерім
Дереккөз: comode.kz